+472 бонус

МИЛЬГАММА МОНО 300 мг №30 таблеток

9440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бенфотиамин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Dragenopharm Apotheker Puschl GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат: - 300 мг бенфотиамин (В1 дәруменінің майда еритін туындысы); қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, повидон К 30, тальк, ішінара ұзын тізбегі бар глицеридтер үлбірлі жабын: Опадрай ақ (Opadry tm white (07F28588)): гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), макрогол, натрий сахаринаты Үлбірлі қабықпен қапталған әрбір таблетканың құрамында 1 ммольден (23 мг) кем натрий бар.
Қолданылуы
- тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе тойып жей алмау кезінде (мысалы, бери-бери ауруы), ұзақ парентеральді тамақтану, аштық, гемодиализ, мальабсорбция синдромы, созылмалы алгоголизм (алкогольді уытты кардиомиопатия, Вернике энцефалопатиясы, Корсаков синдромы), жүктілік/лактация кезінде дәруменге қажеттіліктің жоғарылауы, қант диабеті кезінде дамитын B1 дәруменінің тапшылығы; - В1 дәрумені жеткіліксіздігінен туындаған нейропатия және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер. Емнің ұзақтығы Егер басқасы тағайындалмаса, В1 дәруменінің клиникалық тапшылығын емдеу кезінде препарат 3 апта бойы күніне бір рет 1 таблеткадан (300 мг) қабылданады. Нейропатияны Милгамма® Моно 300 препаратымен күніне 1 таблеткадан кем дегенде 3 апта бойы емдеу керек. Енгізу әдісі және жолы Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды сұйықтықтың аздаған мөлшерімен іше отырып, шайнамай жұту керек. Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі Таблеткаларды күннің кез келген уақытында қабылдауға болады. Таблеткаларды қажет болған жағдайда ғана екі тең бөлікке бөлуге болады. Емдеу ұзақтығы Емнің ұзақтығы байқалған емдік реакцияға байланысты. Препаратты қолданғаннан кейін 4 аптадан кейін тиімділігі немесе жеткіліксіз емдік әсері болмаған жағдайда, ем қайта қаралуы тиіс. Егде жастағы адамдар Әдеттегі доза ұсынылады, дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін ұсынылатын доза бойынша жеткілікті деректер жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.