+284 бонус

МИЛЬГАММА 2 мл №10 амп Комплекс Вит В

5690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Верваг Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампула препараттың (2 мл) құрамында белсенді заттар: тиамин гидрохлориді 100 мг, пиридоксин гидрохлориді 100 мг, цианокобаламин 1 мг, қосымша заттар: лидокаин гидрохлориді 20 мг, бензил спирті 40 мг, натрий полифосфаты 20 мг, калий гексацианоферраты (III) 0.20 мг, натрий гидроксиді 12 мг, инъекцияларға арналған су 2 мл-дейін.
Қолданылуы
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық қалпына келмейтін жедел жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жүктілік және емшек емізу кезеңі 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Қандағы препараттың жоғары деңгейіне жылдам қол жету үшін айқын және жедел ауырсыну синдромы жағдайында емді тәулігіне бір бұлшықетішілік инъекциядан (2 мл) бастайды, күн сайын 5-10 күн бойы. Ауыру синдромын жойғаннан кейін және аурудың жеңіл түрінде сирек инъекцияға (2-3 апта бойы аптасына 2-3 рет) ауысады. Кейіннен инъекция арасындағы үзілістерде және жеңіл түрінде тәулігіне 3 рет 1 таблетка Мильгамма тағайындалады. Апта сайын дәрігерлік тексеруден өту ұсынылады. Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады. Ең жоғарғы бір реттік доза: 2,0 мл инъекция, Ең жоғарғы тәуліктік доза: 2,0 мл инъекция, Енгізу жиілігі: тәулігіне бір рет. Енгізу әдісі және жолы Инъекцияға арналған ерітінді (2 мл) бұлшықетке терең енгізіледі. Препаратты вена ішіне енгізуге болмайды (в/і), өйткені препараттағы лидокаин құрамы жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Емді тәулігіне 1-ші инъекциядан (2 мл) бастайды, күн сайын, 5-10 күн бойы жалғасады. Емдеу ұзақтығы Ауыру синдромын жойғаннан кейін және аурудың жеңіл түрінде одан әрі қарай ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысады, болмаса тым сирек инъекцияларға (2-3 апта бойына аптасына 2-3 рет) көшу керек, әрі қарай емдеуді ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен мүмкіндігінше жалғастыру керек. Апта сайын дәрігерлік тексеруден өту ұсынылады. Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады. Егде жастағылар Қолда бар деректер негізінде егде жастағы пациенттерде ұсынылатын дозада препаратты қолдану бойынша қандай да бір шектеулер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.