+153 бонус

МИЛДРОНАТ 500 мг №30 капс

3060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мельдоний
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Гриндекс АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 500 мг мельдоний дигидраты, қосымша заттар: кептірілген картоп крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, капсула (корпусы және қақпағы): титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қолданылуы
Төмендегі жағдайларда кешенді емде: жүрек және қантамыр жүйесінің ауруларында: жүктемелік тұрақты стенокардия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA IIII функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің функционалдық бұзылулары; ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары; жұмыс қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалдық артық жүктеме; цереброваскулярлық бұзылулар, бас жарақаттары мен энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңі.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе қандай да бір қосымша заттарына жоғары сезімталдық - қолдану қауіпсіздігі туралы жеткілікті деректер болмауына байланысты бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - бұл кезеңде препараттың клиникалық қолданылуы туралы деректер жоғына байланысты жүктілік және лактация кезеңі - бұл кезеңде препаратты клиникалық қолдану туралы деректер жоғына байланысты балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Ересектер Жүрек және қантамыр жүйесі аурулары, ми қан айналымының бұзылуы Доза күніне 500-1000 мг құрайды. Тәуліктік дозаны бірден қолдануға немесе бір реттік екі дозаға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік доза 1000 мг құрайды. Жұмыс қабілеттілігі төмендетілген, артық күш жұмсау және сауығу кезеңі Доза күніне 500 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 500 мг құрайды. Егде жастағы пациенттер Бауыр және/немесе бүйрек қызметі бұзылған егде жастағы пациенттерге мельдоний дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер Дәрі организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн. Бауыр қызметі бұзылған пациенттер Бауыр қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн. Педиатриялық популяция Мельдоний балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан бұл дәріні балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Капсуланы сумен іше отырып, жұтады. Дәріні тамаққа дейін немесе тамақтан кейін қабылдауға болады. Стимуляциялайтын әсерінің болу мүмкіндігіне байланысты дәріні күннің алғашқы жартысында қолдану ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығы 4-6 аптаны құрайды. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.