+94 бонус

МИЛДРОНАТ 100мг/мл 5мл №5 амп

1880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мельдоний
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словакия
  • Өндіруші: Гриндекс АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 ампуланың 5 мл ерітінді) ішінде белсенді зат – 500 мг, мельдоний дигидраты, 1 ампуланың (10 мл ерітінді) ішінде белсенді зат – 1000 мг, мельдоний дигидраты, қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Төмендегі жағдайларда кешенді емде: жүрек және қантамыр жүйесінің ауруларында: жүктемелік тұрақты стенокардия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA IIII функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің функционалдық бұзылулары; ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары; жұмыс қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалдық артық жүктеме; цереброваскулярлық бұзылулар, бас жарақаттары мен энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңі.
Қарсы көрсетілімдер
- мельдоний дигидратына жоғары сезімталдық. - қолдану қауіпсіздігі туралы жеткілікті деректер болмауына байланысты бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - бұл кезеңде препараттың клиникалық қолданылуы туралы деректер жоғына байланысты жүктілік және лактация кезеңі - бұл кезеңде клиникалық қолдану туралы деректер жоғына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Доза 500 мг–1000 мг (5–10 мл) құрайды, вена ішіне препаратты бір рет енгізеді немесе екі қолдануға бөледі. Емдеу ұзақтығы әдетте 10–14 күнді құрайды, содан кейін емді пероральді дәрілік түрмен жалғастырады. Емдеу курсының ұзақтығы – 4–6 апта. Емдеу курсын жылына 2–3 рет қайталауға болады. Егде пациенттер Бауыр және/немесе бүйрек аурулары бар егде пациенттерге мельдоний дозасын азайтқан жөн. Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер Препарат организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн. Бауыр қызметі бұзылған пациенттер Бауыр қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн. Педиатриялық популяция Мельдоний 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан бұл препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне. Препаратты қолдану енгізер алдында арнайы даярлауды қажет етпейді. Стимуляциялаушы әсерінің болу мүмкіндігіне байланысты препаратты күннің алғашқы жартысында қолдану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.