+572 бонус

МИКРАЗИМ 25 000 ед №50 капсулы

11450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Полиферментные препараты в т.ч. липаза, протеаза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АВВА РУС ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат 10000 ӘБ дозасы үшін: құрамында 125.0 мг панкреатин ұнтағы бар ішекте еритін 173.0 мг* түйіршіктер түріндегі панкреатин: 7500 ӘБ амилаза, 10000 ӘБ липаза, 520 ӘБ протеаза белсенділігіне баламалы; 25000 ӘБ дозасы үшін: құрамында 312.0 мг панкреатин ұнтағы бар ішекте еритін 432.0 мг* түйіршіктер түріндегі панкреатин: 19000 ӘБ амилаза, 25000 ӘБ липаза,1300 ӘБ протеаза белсенділігіне баламалы. * - номиналды белсенділікке шаққанда. қосымша заттар: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері [1:1] (30% дисперсия түрінде, құрамында қосымша полисорбат-80, натрий лаурилсульфаты бар), тальк, триэтилцитрат, полоксамер 407, 30 % симетикон эмульсиясы (құрғақ масса (32.6%), оның ішінде: су, диметикон, метилцеллюлоза, коллоидты тұндырылған кремний, өлшенген коллоидты кремний, сорбин қышқылы). желатин капсулаларының құрамы: 10000 ӘБ дозасы үшін: қақпағы (темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин), корпусы (желатин); 25000 ӘБ дозасы үшін: қақпағы (қызыл керемет (Е129), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин), корпусы (желатин).
Қолданылуы
- ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін - муковисцидоз кезінде ұйқы безінің жеткіліксіз функциясын демеу
Қарсы көрсетілімдер
− панкреатинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық − жедел панкреатит (ерте кезеңдерде), созылмалы панкреатиттің асқынуы
Дозасы
Ересектер (оның ішінде егде жастағы адамдар) және балалар Әрбір тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бірден бір немесе екі капсуладан қабылдайды. Дозаны арттыру қажет болған жағдайда оны емдеуші дәрігердің бақылауымен реакциялар мен симптоматиканы мұқият бақылай отырып, біртіндеп арттыру керек. Муковисцидоз кезінде препараттың дозасын емдеуші дәрігер таңдайды. Муковисцидоздың Америкалық қорының нұсқауларына сәйкес Микразим® KZ препаратының дозасы келесідей есептеледі: - дозалау дене салмағына негізделуі және 4 жасқа дейінгі балалар үшін бір тамақтануға 1 кг дене салмағына 1000 бірлік (ӘБ) липаза мөлшерінде және 4 жастан асқан жас санаты үшін бір қабылдауға 1 кг дене салмағына 500 ӘБ липаза мөлшерінде есептелуі тиіс: Баланың жасы Нұсқаулар 4 жасқа дейін 1 кг дене салмағына 1000 ӘБ липаза 4 жастан асқан 1 кг дене салмағына 500 ӘБ липаза - дозаны және емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына, стеатореяны бақылау нәтижелеріне және жақсы тамақтану статусын демеуге байланысты анықтайды; - көптеген пациенттерде доза тәулігіне кг дене салмағына 10 000 ӘБ липаза немесе тағамдағы 1 грамм майға 4000 ӘБ липазадан аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау керек. Капсулаларды сындырмай және шайнамай, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін іше отырып, тұтастай жұту керек. Дәріні ішу үшін сілтілі минералды суды пайдаланбау керек. Жұтынуға қиналатын ересектерге және балаларға препаратты қабылдау үшін капсуланы абайлап ашады, ал түйіршіктерді шайнауды қажет етпейтін жұмсақ тағамға қосады немесе сусынмен қабылдайды. Бұл ретте түйіршіктерді араластыратын тағамның немесе сусынның дәмі ферменттердің мерзімінен бұрын босап шығуы және бұзылуы болмас үшін қышқыл (рН 5.5-тен аз) болуы тиіс. Бұл алма езбесі, йогурт немесе жеміс шырыны, мысалы, ананас, алма немесе апельсин шырындары болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.