+149 бонус

Микозисфри крем 1% 30 гр.

9:00-ден кейін қолжетімді
2990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тербинафин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір грамм препараттың құрамында белсенді зат - 10.00 мг тербинафин гидрохлориді қосымша заттар: бензил спирті, натрий гидроксиді, сорбитан стеараты, цетил пальмитат, цетил спирті, стеарил спирті, полисорбат 60, изопропилмиристат, тазартылған су.
Қолданылуы
- терінің зең инфекциялары: табан микоздарында (tinea pedis), шап эпидермофитиясында (tinea cruris), Trichophyton spp. дерматофиттерінен, оның ішінде Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, Trichophyton violaceum, Microsporum canis және Epidermophyton floccosum туындаған дененің тегіс терісінің (tinea corporis) зеңдік зақымдануларында; - ашытқылық, негізінен Candida тектес (мысалы, C. albicans) зеңдерден туындаған тері инфекцияларында; - Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur ретінде де белгілі) туындаған түрлі-түсті теміреткіде.
Қарсы көрсетілімдер
- тербинафинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектерге қолданылуына қарай тәулігіне 1 немесе 2 рет тағайындайды. Ұсынылатын дозалану режимі және емдеудің ұзақтығы: - табанның дерматомикозы (саусақаралық аймақ) – күніне 1 рет 1 апта; - өкшелік типті табан дерматомикозы: күніне 2 рет 2 апта; - шап дерматомикозы, дененің тегіс терісінің микозы: күніне 1 рет 1 апта; - Candida (тері кандидозы) тектес зеңдерден туындаған зеңдік тері инфекциялары: күніне 1-2 рет 1-2 апта; - кебек тәрізді теміреткі – күніне 1-2 рет 2 апта. Енгізу әдісі және жолы Тек сыртқа қолдануға арналған. Препаратты жағар алдында зақымданған жерлерді тазалау және құрғату қажет. Кремді зақымдалған тері мен айналасындағы бөліктерге жұқа қабатпен жағады және аздап ысқылап сіңдіреді. Базданумен қатар жүретін инфекциялар кезінде (сүт бездері астында, саусақ аралықтарында, бөкселер арасында, шап аймағында) крем жағылатын орындарды, әсіресе түнде, дәкемен жабуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.