Құрамы
Бір таблетканың құрамында
Телмисартан қабаты:
белсенді зат – телмисартан 80 мг,
қосымша заттар: натрий гидроксиді, поливидон К 25 (повидон), меглумин, сорбитол, магний стеараты,
Гидрохлоротиазид қабаты:
белсенді зат - гидрохлоротиазид, 12,5 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е172), натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты.
Дозасы
Бұл препаратты үнемі емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күдік туындаған кезде дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ұсынылған доза — тәулігіне бір таблетка. Дәріні тәуліктің бір уақытында ғана қабылдауға тырысыңыз. Микардис® Плюс препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблетканы тұтастай, сумен немесе алкогольдік емес сусынмен жұту керек.
Егер бауырыңызда кінәрат бар болса, әдеттегі доза күніне бір рет 40 мг телмисартаннан аспауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Егер сіз кездейсоқ тым көп таблетка қабылдап қойсаңыз, сізде төмен артериялық қысым және жиі жүрек соғуы сияқты симптомдар байқалуы мүмкін. Сондай-ақ жүректің баяу соғуы, бас айналуы, құсу, бүйрек функциясының төмендеуі (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін) байқалды. Препараттың құрамында гидрохлоротиазидтің болуына байланысты артериялық қысымның қатты түсуі және қандағы калий деңгейінің төмендеуі байқалуы мүмкін, бұл жүректің айнуына, ұйқышылдыққа және бұлшықет түйілуіне, сондай-ақ жүйесіз жүрек ырғағына (әдетте дигиталис немесе аритмияға қарсы емдеудің кейбір басқа түрлері сияқты препараттарды бір мезгілде қабылдаумен астасады) әкелуі мүмкін. Дәрігерге, фармацевтке (дәріхана қызметкеріне) қаралыңыз немесе дереу жақын жедел жәрдем бөлімшесіне барыңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Егер сіз Микардис® Плюс препаратын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, ештеңе етпейді. Есіңізге түсе салғанда препаратты қабылдаңыз да, әдеттегі қабылдауды жалғастырыңыз. Егер күндердің бірінде таблетка қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесі күнге әдеттегі дозаны қабылдай беріңіз.
Жіберіп алған дозаны ескеріп, препараттың қосарлы дозасын
қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке кеңесіне жүгініңіз.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Басқа барлық дәрілік заттар сияқты бұл препарат әрбір пациентте дамымауы мүмкін жағымсыз әсерлер туындатуы мүмкін.
Кейбір жағымсыз әсерлер күрделі болуы және дереу дәрігерге қаралуды талап етеді.
Егер сізде мына симптомдардың қандай да бірі болса дереу дәрігерге қаралыңыз:
Сепсис* (жиі «қанға жұғуы» деп аталады) — бұл бүкіл организм тарапынан жалпы иммундық жауабы бар ауыр инфекция; егер сізде тері мен шырыш ісінуі (өліммен аяқталуын қоса, тамыр ісінуі деп аталады) жылдам дамыса, теріңіз бөртіп кетсе және ол қабыршықтанса (уытты эпидермальді некролиз); бұл жағымсыз құбылыстар өте сирек (олармен шамамен 1000 адамның 1-і ұшырайды) немесе өте сирек (уытты эпидермальді некроз: олармен шамамен 10000 адамның 1-і ұшырайды), бірақ олар өте ауыр және пациенттер препарат қабылдауды дереу тоқтатуы және емдеуші дәрігерге қаралуы тиіс. Егер бұл көріністерді емдемесе өлімге ұшырауы ықтимал. Сепсистің жоғары жиілігі телмисартан қабылдағанда ғана кездесті, алайда мұндай әсерін Микардис® Плюс препаратын қабылдағанда да жоққа шығаруға болмайды.
Микардис® Плюс препаратының ықтимал жағымсыз реакциялары
Жиі (10 адамда 1 жағдайға дейін)
бас айналуы
Жиі емес (100 адамда 1 жағдайға дейін)
қандағы калий деңгейінің төмендеуі, мазасыздық, естен тану (синкопе), шаншуды, түршігуді және ине шаншуын сезіну (парестезия), айналу сезімі (вертиго), жүректің қатты соғуы (тахикардия), жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, орнынан тұру кезінде артериялық қысымның кенеттен төмендеуі, ентігу (ауа жетіспеушілігі), диарея, ауыздың құрғауы, метеоризм, арқаның ауыруы, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауыруы, эректильді дисфункция (эрекцияға қол жеткізуге немесе оны ұстап тұруға қабілетсіздік), кеуденің ауыруы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы.
Сирек (1000 адамда 1 жағдайға дейін):
- өкпенің қабынуы (бронхит), тамақтың ауыруы, мұрын қойнауларының қабынуы, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, натрий деңгейінің төмендеуі, қайғыру сезімі (депрессия), ұйықтап кетудің қиындауы (ұйқысыздық), ұйқының бұзылуы, көру қабілетінің бұзылуы, бұлыңғыр көру, тыныс алудың қиындауы, іштің ауыруы, іш қату, іштің кебуі (диспепсия), жүрек айнуын сезіну (құсу), асқазанның қабынуы (гастрит), бауыр функциясының бұзылуы (Жапониядан келген пациенттердің осындай жағымсыз әсерлерге бейімділігі жиілеу), терінің қызаруы (эритема), қышыну немесе бөртпе сияқты аллергиялық реакциялар, көп тер бөлінуі, күлдіреуіктер (есекжем), буын ауыруы (артралгия) және аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет құрысулары, жүйелі қызыл жегі көріністерінің өршуі немесе белсендірілуі (иммундық жүйе өз организміне шабуыл жасап, буын ауыруын, терінің бөртпесін және қызбаны тудыратын ауру), тұмауға ұқсас аурулар, ауырсыну, креатинин деңгейінің жоғарылауы, бауыр ферменттері немесе қандағы креатинфосфокиназа.
Жекелеген компоненттердің бірін қабылдаған кезде тіркелетін жағымсыз реакциялар Микардис® Плюс препаратын қабылдаған кезде, тіпті олар осы дәріні клиникалық зерттеу барысында байқалмаса да, ықтимал жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.