МИКАРДИС 80 мг №28 таб

3210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Телмисартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Берингер Ингельхайм Эллас А.Е.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 80 мг телмисартан, қосымша заттар: натрий гидроксиді, повидон К 25, меглумин, сорбитол Р6, магний стеараты.
Қолданылуы
Гипертензия ересектердегі гипертониялық ауруды емдеу Жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу Төмендегідей аурулары бар ересектердегі жүрек-қан тамырлары ауруларын төмендету: - атеротромботикалық жүрек-қан тамырлары аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт немесе анемнезінде шеткері артерия аурулары бар); - нысана-ағзаның құжатпен расталған зақымдануы бар 2-ші типті қант диабеті.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға гиперсезімталдық жүктіліктің екінші және үшінші семестрі өт жолдарының обструктивті аурулары ауыр бауыр жеткіліксіздігі қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Микардис® препаратын және құрамында алискирен бар препараттарды бірге қабылдау (ШСЖ < 60 мл / мин / 1,73 м2 )
Дозасы
Гипертониялық ауруларды емдеу Тиімді доза әдетте күніне бір рет 40 мг құрайды. Кейбір пациенттер 20 мг тәуліктік дозадан пайдалы әсер алуы мүмкін. Қажетті АҚ қол жеткізілмеген жағдайларда Микардис® препаратының дозасын күніне бір рет максималды 80 мг-ға дейін арттыруға болады. Дозаны жоғарылату кезінде гипертензияға қарсы максималды әсерге ем басталғаннан кейін төрт-сегіз апта ішінде жетуге болатынын ескеру қажет. Микардис® телмисартанмен бірге қосымша гипотензивті әсер ететін тиазидті диуретиктермен, мысалы, гидрохлоротиазидпен біріктірілімде қолдануға болады. Жүрек-қан тамырлары құбылыстарын алдын алу Ұсынылатын доза күніне бір рет 80 мг құрайды. 80 мг-нан төмен дозалар жүрек-қан тамырлары ауруларын төмендету үшін тиімді екендігі анықталмаған. Телмисартанды қолданудың бастапқы кезеңінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен өлімді алдын-алу үшін артериялық қысымды (АҚ) бақылау ұсынылады, сондай-ақ, артериялық қысымды (АҚ) төмендететін дәрі-дәрмектермен АҚ түзету қажет етілуі мүмкін. Телмисартан қаннан гемофильтрация жолымен шығарылмайды және диализденбейді. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы немесе гемодиализі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Бұл пациенттер үшін 20 мг төмен бастапқы доза ұсынылады («Арнайы нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі Микардис® бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қарсы көрсетілген («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерге препараттың тәуліктік дозасы күніне бір рет 40 мг аспауы тиіс. Балалар Микардис® препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.