+75 бонус

МИГ 400 400 мг №20 таб

1510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ибупрофен, 400 мг қосымша заттар: ядроның құрамы: жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты қабықтың құрамы: гипромеллоза (номинальді тұтқырлығы 6мПа • с), макрогол 4000, повидон К 30, титанның қостотығы (E 171)
Қолданылуы
Келесі жағдайларды симптоматикалық емдеу үшін: - бас және тіс ауруы - бас сақинасы - ауырсындыратын етеккір - невралгия - арқа ауруы - бұлшықеттік және ревматизмдік ауыру - тұмау және суық тию кезіндегі қызба жағдайы
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдағаннан кейін бронхтың түйілу реакцияларының, демікпенің, риниттің, ангионевроздық ісінудің немесе есекжемнің болуы - шығу тегі белгісіз қан түзілісінің бұзылуы - қазіргі кезде немесе бұрын қайталанатын пептикалық ойық жарасының/қан кетулердің (расталған ойық жара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан көп жекелеген эпизодтың) болуы - анамнезінде бұрын тағайындалған ҚҚСП-пен емделуге байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе перфорацияның болуы - қазіргі кезде болып жатқан цереброваскулярлық қан кету немесе басқа қан кету кезінде - айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан) - гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер - бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары кезінде - жүректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде (NYHA бойынша IV класс); - жүктіліктің үшінші триместрі (Жүктілік және лактация кезінде қолдануды қараңыз) - аталған доза құрамында белсенді заттың болуына байланысты жарамсыз 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Дозалау төмендегі кестеде көрсетілген бөлшектерге байланысты болады. 12 жастан асқан жасөспірімдерде МИГ® 400 препаратын дозалау дене салмағы мен жасына байланысты. Балалар мен жасөспірімдерде бір реттік доза, әдетте 30 мг/кг ең жоғары тәуліктік доза кезінде дене салмағының әр кг 7-10 мг құрайды. Алайда 1200 мг ең жоғары тәуліктік дозаны (үш таблеткаға баламалы) асыруға болмайды. Таблеткаларды бірдей бөліктерге бөлуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.