+153 бонус

МЕЗИМ ФОРТЕ 3500 ЕД №80 таб п/о

9:00-ден кейін қолжетімді
3075 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Полиферментные препараты в т.ч. липаза, протеаза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Berlin-Chemie AG
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат: 93,33 мг (93,33-107,69 мг) панкреатин: липазаның ең төмен белсенділігімен 3 500 ӘБ ЕФ амилазаның ең төмен белсенділігімен 4 200 ӘБ ЕФ протеазаның ең төмен белсенділігімен 250 ӘБ ЕФ қосымша заттар: таблетка ядросы: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты; қабықтың құрамы: құрғақ затқа шаққанда полиакрилат дисперсиясы 30 %, тальк, гипромеллоза, азорубин лагы (Е 122), симетикон эмульсиясы, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000. Сыртқы түрінің, иісінің және дәмінің сипаттамасы Цилиндр пішінді, жазық параллельді бетімен, ойығы бар, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Қолданылуы
- ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, шошқа етіне (шошқа етіне аллергия), азорубин лагына (Е122) немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, диетаны кеңейту кезінде аурудың басылып келе жатқан фазасында - егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса - препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн. - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Мезим® форте препаратының құрамында ауыз қуысында босап шыққан кезде - мысалы, шайнағанда, шырышты қабықтың зақымдануына (ойық жаралануына) әкелетін белсенді ферменттер бар. Сондықтан, қабылдау кезінде Мезим® форте препаратын тұтастай жұтып қою керек.
Дозасы
Бір тамақ қабылдауға ұсынылатын доза: тамақ қабылдаудың басында 1-2 таблетка. Мезим® форте дозасы ас қорытылуының бұзылу дәрежесіне байланысты анықталады. Қолайлы доза әдетте жеке таңдалады. Тағамның сипатына байланысты, сондай-ақ тамақтану кезінде ас қорытудың бар немесе күтілетін бұзылыстарының ауырлығын ескере отырып, препараттың 2-4 таблеткасы қосымша қабылданады. Қажет болса, препараттың дозасы көрсетілгеннен едәуір асып кетуі мүмкін. Дозаны жоғарылату тек дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы және симптомдардың қарқындылығын төмендетуге бағытталуы керек (мысалы, стеаторея, асқазандағы ауырсыну). Егер дозаны одан әрі арттыру қажет болса, құрамында белсенді зат, атап айтқанда панкреатин көп болатын басқа дәрілік формалар бар. Енгізу әдісі мен жолы Мезим® форте үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын шайнамай және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп тұтастай жұту керек. Қолдану ұзақтығы Мезим фортені қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және оны емдеуші дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.