+90 бонус

МЕЗИМ ФОРТЕ 10000 ЕД №20 таб

1800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мультиферменты (липаза, протеаза и т.д.)
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Berlin-Chemie AG
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Ішекте еритін қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат: 80,000 мг-111,111 мг панкреатин: липазаның ең төмен белсенділігімен 10 000 ӘБ ЕФ амилазаның ең төмен белсенділігімен 7 500 ӘБ ЕФ протеазаның ең төмен белсенділігімен 375 ӘБ ЕФ қосымша заттар: таблетка ядросы: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, А типті кроспидон, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; қабықтың құрамы: метакрил қышқылы мен этакрилат сополимері (1:1) дисперсия 30 % (Эудрагит), симетикон эмульсиясы 30 % (құрғақ масса), гипромеллоза, триэтилцитрат, тальк, макрогол 6000, натрий кармеллозасы, полисорбат 80, натрий гидроксиді, титанның қостотығы (Е 171), азорубин лагы (Е 122) Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Биіктігі 4.0 мм ± 0.2 мм жуық, жиегі кертілген және жазық параллелді дерлік бетімен, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Қолданылуы
- ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, шошқа етіне (шошқа етіне аллергия), азорубин лагына (Е122) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, өршудің басылып келе жатқан фазасындағы кеңейтілген диетада - егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса - препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн. - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы бар пациенттер. Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Ішек өтімсіздігі муковисцидозы бар пациенттерде белгілі асқыну болып табылады. Сондықтан, ішек өтімсіздігіне ұқсас симптомдар болған кезде, ішек тарылуның пайда болу ықтималдығын да ескеру керек (сондай-ақ Жағымсыз реакциялардың сипаттамасын қараңыз). Іштің әдеттен тыс ыңғайсыздығы немесе симптомдардың сипаты өзгерген жағдайда, ішек патологиясын болдырмау үшін сақтық шарасы ретінде қарап тексеру жүргізу қажет. Әсіресе дене салмағының килограмына тәулігіне препаратты липазаның 10 000 ӘБ ЕФ асатын дозада қабылдайтын пациенттерге қатысты. Мезим® форте 10000 құрамында ауыз қуысында босап шыққан кезде, мысалы, шайнағанда ауыздың шырышты қабатының зақымдануына (ойық жаралануына) әкелетін белсенді ферменттер бар. Сондықтан, қабылдау кезінде Мезим® форте 10000 препаратының тұтастай жұтылуына назар аудару керек.
Дозасы
Бір ас қабылдауға ұсынылатын доза: 2-4 таблетка (липазаның 20000-40000 ӘБ ЕФ сәйкес келеді). Мезим® форте 10000 препаратының дозасы ұйқы безі функциясының жеткіліксіздігінің ауырлығына сәйкес анықталады. Липазаның ұсынылған дозасы жалпы жағдайда бір ас қабылдауға 20 000 - 40 000 ӘБ ЕФ деңгейіне сәйкес келеді, бірақ одан да жоғары болуы мүмкін. Мезим® форте 10000 препаратымен емдеу мақсаты дененің қалыпты  салмағына қол жеткізу немесе демеу және дефекация жиілігін немесе нәжістің консистенциясын қалпына келтіру болып табылады. Дозаны жоғарылату тек дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы және симптомдардың қарқындылығын төмендетуге бағытталуы керек (мысалы, стеаторея, асқазандағы ауырсыну). Дене салмағының килограмына липазаның 15000-20000 ӘБ ЕФ құрайтын ферменттердің тәуліктік дозасын асырмау керек. Атап айтқанда, муковисцидозы бар пациенттерде тағамның мөлшері мен құрамын ескере отырып, майларды жеткілікті сіңіру үшін қажетті ферменттердің дозасынан аспауы керек. Енгізу әдісі мен жолы Мезим® форте 10000 ішекте еритін қабығымен қапталған таблеткаларды шайнамай және жеткілікті сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп тұтастай қабылдау керек. Қабылдау кезінде Мезим® форте 10000 препаратын тұтастай жұтуға мән беру маңызды, өйткені Мезим® форте 10000 препаратының тиімділігі шайнау кезінде төмендеуі мүмкін, ал препараттың құрамындағы ферменттер ауыз қуысында босап шыққан кезде оның шырышты қабығын зақымдауы мүмкін. Қолдану ұзақтығы Қолдану ұзақтығы шектелмейді. Бұл аурудың ағымына сәйкес келеді және оны дәрігер анықтауы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.