+1532 бонус

Мезавант 1,2г №60 табл Месалазин

30640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Месалазин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИРЛАНДИЯ
  • Өндіруші: Такеда Фармасьютикалс Интернейшнл АГ Айрлэнд Брэнч
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – месалазин, 1200 мг, қосымша заттар: ядро: натрий карбоксиметилцеллюлозасы (кармеллоза) 7MF, натрий карбоксиметилцеллюлозасы (кармеллоза) НХF, карнауб балауызы, стеарин қышқылы, коллоидты гидратацияланған кремнийдің қостотығы, натрий крахмал гликоляты (карбоксиметилкрахмал) (А типі), тальк, магний стеараты, тазартылған суа, қабығы: тальк, метакрилат метил-метакрил қышқылының сополимері (1:1), А типі метакрилат метил-метакрил қышқылының сополимері (1:2), В типі, триэтилцитрат, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 6000, этанола , этанол/тазартылған суа. а – Өндіру барысында жойылады
Қолданылуы
Ересектер, соның ішінде егде жастағылар (> 65 жас) - жеңіл немесе орташа ойық жаралы колитпен ауыратын пациенттерде клиникалық және эндоскопиялық ремиссияны демеуге арналған индукция. Балалар мен жасөспірімдер (салмағы 50 кг-ден асатын және 10 жастан бастап және одан асқан) - жеңіл немесе орташа дәрежедегі белсенді ойық жаралы колиті бар пациенттерде клиникалық және эндоскопиялық ремиссияны индукциялау және демеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- салицилаттарға (месалазинді қоса) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (ШСЖ <30 мл/мин/1.73 м2) - бауыр функциясының ауыр бұзылуы - 10 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер, сондай ақ дене салмағы 50 кг және одан аз балалар (пациенттердің аталған санатында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты).
Дозасы
Мезавант препараты тәулігіне бір рет, пероральді қабылданады. Егде жастағы адамдарды қоса, ересектер (65 жастан асқан). Ремиссияны индукциялау үшін тәулігіне бір рет 2.4 г-ден 4.8 г дейін (екіден төрт таблеткаға дейін) қабылдау керек. Месалазиннің төмен дозасын қабылдау кезінде емдік жауап алынбаған пациенттерге, тәулігіне 4.8 г ең жоғары доза ұсынылады Ең жоғары дозаны қабылдағанда (тәулігіне 4.8 г) емнің әсерін 8 аптадан кейін бағалау керек. Ремиссияны демеу үшін тәулігіне бір рет 2.4 г (екі таблетка) қабылдау керек. Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Мезавант препаратын қолдану бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Балалар мен жасөспірімдер (салмағы 50 кг-ден асатын және 10 жастан бастап және одан асқан) Ремиссия индукциясы үшін (бастапқы 8 апта): 2,4-тен 4,8 г-ге дейін (екіден төрт таблеткаға дейін) күніне бір рет қабылдау керек. Ремиссияны демеу үшін: 2,4 г (екі таблетка) күніне бір рет қабылдануы керек. 1200 мг мезалазин таблеткаларын дене салмағы 50 кг және одан аз балаларда, сондай-ақ пациенттердің осы тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Мезавант препараты тәулігіне бір рет, пероральді қабылданады. Таблеткаларды сындыруға немесе шайнауға болмайды және тағаммен қабылдау ұсынылады. Балалар Мезавант пациенттердің осы тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты 10 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.