МЕТРОНИДАЗОЛ 250 мг №30 таблеток

410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метронидазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Эйкос-Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 250 мг метронидазол, қосымша заттар: картоп крахмалы, поливинилпирролидон, кальций стеараты
Қолданылуы
Препарат паразитке қарсы және бактерияға қарсы әсер көрсетеді. Көрсеткіштер метронидазолға сезімтал микробтар тудыратын инфекциялармен шектеледі: урогенитальді трихомониазда этиологиясы анықталмаған вагинитте лямблиозда амебиазда препаратқа сезімтал микроорганизмдерден пайда болған анаэробтық инфекцияларда метронидазолға сезімтал анаэробтық микроорганизмдерден пайда болған хирургиялық инфекцияларды емдеу Бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше қолдануға қатысты жергілікті ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- метронидазолға немесе басқа имидазолдарға, немесе қосымша заттардың біреуіне аса жоғары сезімталдық - 6 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Трихомониаз Әйелдерде трихомониаз кезінде (трихомонадты уретрит және вагинит) келесідей он күндік аралас ем алған жақсырақ: - 250 мг-ден таблеткалар күніне 2 рет, пероральді - 500 мг-ден қынаптық суппозиторийлерді күніне 1 рет. Серіктесінде Trichomonas vaginalis жұқтырудың клиникалық белгілері байқалмаса да, зертханалық талдаудың оң нәтижесі болмаса да, екі серіктес те бір уақытта емделуі керек. Еркектерде трихомониаз кезінде (трихомонадты уретрит): 250 мг-ден таблеткалар күніне 2 рет 10 күн бойы. Айрықша жағдайларда қажет болғанда тәуліктік дозаны 750-1000 мг-ге дейін арттыруға болады. Лямблиозды 5 күн бойы емдейді: - ересектерге 250-500 мг-ден тәулігіне 2-3 рет (ең жоғарғы 1,0 г/тәулік); - 6-дан 10-жасқа дейінгі балаларға 125 мг-ден (½ таблетка) күніне 3 рет (тәуліктік доза 375 мг); - 10-нан 15-жасқа дейінгі балаларға 250 мг-ден күніне 2 рет. Амебиазда метронидазолды 7 күн бойы тағайындайды: - ересектерге 500 мг-ден (2 таблетка) күніне 3 рет; - балаларға 3 реттік қабылдау тәулігіне 30-40 мг/кг. Абсцесс сатысында бауыр амебиазында абсцесстің жойылуы метронидазолмен емдеу кезінде жүргізілу керек. Этиологиясы анықталмаған вагинитті емдеу кезінде 500 мг-ден күніне 2 рет 7 күн бойы. Серіктеспен бір уақытта емдеу жүргізілу керек. Анаэробтық инфекцияларды емдегенде ересектерге метронидазолды тәулігіне 1,0-1,5 г, балаларға - тәулігіне 20-30 мг/кг есебімен тағайындайды. Енгізу әдісі мен жолы Метронидазолды, тамақтану алдында немесе тамақтанудан кейін, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.