+14 бонус

МЕТРИД 0,5% 100 мл Метронидазол

286 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метронидазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: оЦука Фармасьютикал Индия Прайвет Лимит
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – метронидазол 500 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, лимон қышқылының моногидраты, сусыз динатрий гидрофосфаты, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе ақшыл-сары түсті ерітінді.
Қолданылуы
Венаішілік инфузия пероральді түрде қолдану мүмкін болмаған жағдайда, ересектерге және балаларға қолдану үшін көрсетілген: - абдоминальді, гинекологиялық, асқазан-ішек жолы немесе колоректальді хирургиялық араласым кезінде сезімтал анаэробтық бактериялардан туындайтын инфекциялардың операциядан кейінгі профилактикасы үшін, инфекцияның осы типінің туындау қаупі жоғары болғанда. Ерітіндіні аэробты бактерияларға қарсы белсенді антибиотиктермен біріктіріп қолдануға болады. - құрсақішілік және гинекологиялық инфекциялардың ауыр түрлерін емдеу үшін, сезімтал анаэробты бактериялар, атап айтқанда бактериялар мен анаэробты стрептококктар анықталып немесе шамамен аурудың негізгі себептері болып табылғанда Бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды қарастырған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
метронидазолға, имидазолдың басқа туындыларына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (терминалды кезең) гемопоэздың бұзылуы, лейкопения орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы, соның ішінде эпилепсия
Дозасы
Анаэробты бактериялардан туындайтын операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы: Ең алдымен, абдоминальді (әсіресе колоректальды) және гинекологиялық хирургияда. Профилактикалық емнің ұзақтығы қысқа, әдетте операциядан кейінгі кезеңмен шектелуі керек (24 сағат, бірақ 48 сағаттан аспауы керек). Ересектер: вена ішіне инъекциямен бір реттік дозасы 1000-1500 мг, операцияға дейін немесе кейін 30-60 минут немесе тікелей операция алдында, операция кезінде немесе операциядан кейін 500 мг, содан кейін 8 сағаттан соң 500 мг. 12 жасқа дейінгі балалар: операцияға дейін 1-2 сағат бұрын 20-30 мг / кг бір реттік доза түрінде. 40 аптаға дейінгі жаңа туған нәрестелер: операциядан бұрын бір реттік доза түрінде дене салмағына 10 мг / кг. Анаэробты инфекциялар: Егер пациенттің белгілері пероральді терапияға кедергі келтірсе, алдымен вена ішілік жолды қолдану керек. Ересектер: бір реттік доза түрінде күніне 1000 - 1500 мг немесе әр 8 сағат сайын 500 мг. 8 аптадан 12 жасқа дейінгі балалар: әдеттегі тәуліктік доза күніне 20-30 мг / кг бір реттік доза түрінде немесе әр 8 сағат сайын 7,5 мг / кг құрайды. Тәуліктік дозаны инфекцияның ауырлығына байланысты 40 мг / кг-ға дейін арттыруға болады. Емдеу ұзақтығы, әдетте, 7 күнді құрайды. 8 аптаға дейінгі балалар: күн сайын бір реттік доза түрінде 15 мг / кг немесе әр 12 сағат сайын 7,5 мг / кг. Гестациялық жасы 40 аптадан төмен жаңа туылған нәрестелерде өмірінің бірінші аптасында метронидазолдың жинақталуы мүмкін, сондықтан қан сарысуындағы метронидазолдың концентрациясын емдеуден кейін бірнеше күн бақылау керек. Бактериялық вагиноз: Жасөспірімдер: күніне екі рет 400 мг 5-7 күн бойы немесе бір реттік доза түрінде 2000 мг. Урогенитальді трихомониаз Ересектер мен жасөспірімдерге: бір реттік доза түрінде 2000 мг немесе 7 күн бойы күніне 3 рет 200 мг немесе 5-7 күн бойы күніне екі рет 400 мг. 10 жасқа дейінгі балалар: бір реттік доза түрінде 40 мг / кг немесе 7 күн бойы 2-3 қабылдауға бөлінген тәулігіне 15-30 мг/кг; 2000 мг/дозадан аспауы керек. Лямблиоз 10 жастан асқан балалар: күніне бір рет 2000 мг 3 күн бойы немесе 5 күн бойы күніне үш рет 400 мг немесе 7-10 күн бойы күніне екі рет 500 мг. 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар: 3 күн бойы күніне бір рет 1000 мг. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар: 3 күн бойы 600 мг-нан 800мг-ға дейін күніне бір рет. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар: 3 күн бойы күніне бір рет 500 мг немесе тәулігіне 15-40 мг / кг, 2-3 қабылдауға бөлінеді. Амебиаз 10 жастан асқан балалар: 5-10 күн бойы күніне 3 рет 400-ден 800 мг-ға дейін. 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар: 5-10 күн бойы күніне 3 рет 200-ден 400 мг-ға дейін. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар: 5-10 күн бойы 100-ден 200 мг-ға дейін күніне 4 рет 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар: 5-10 күн бойы 100-ден 200 мг-ға дейін күніне 3 рет Баламалы түрде, дозалары тәулігіне 2400 мг асырмай, 5-10 күн бойы тәулігіне 3 қабылдауға дене салмағына 35-50 мг/кг түрінде көрсетілуі мүмкін. Балалардағы Helicobacter pylori Біріктірілген ем аясында тәулігіне 20 мг / кг; дозасы 7-14 күн бойы күніне екі рет 500 мг-нан аспауы керек. Пациенттердің арнайы топтары Егде жастағы пациенттер Егде жаста, әсіресе препаратты үлкен дозада қолданғанда сақ болу ұсынылады. Бүйрек жеткіліксізділігімен пациенттер Бүйрек жеткіліксізділігі кезде метронидазолдың мөлшерін түзету қажет емес. Бүйрек қызметі бұзылған, үзілмелі перитонеальді диализ (IDP) немесе тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализ (CAPD) қабылдайтын пациенттерде метронидазолдың дозасын үнемі түзету қажет емес. Алайда, егер метаболиттердің шамадан тыс концентрациясы анықталса, дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Гемодиализдегі пациенттерге метронидазолды гемодиализден кейін қайта бірден енгізу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр немесе үдемелі жеткіліксіздігі бар науқастарда қан сарысуындағы метронидазол деңгейін бақылау кезінде дозасын екі есе азайту қажет. Енгізу әдісі мен жолы Препарат тек стационар жағдайында вена ішілік инфузияға арналған. Метронидазолдың 500 мг / 100 мл вена ішіне инфузиясы шамамен 5 мл / мин жылдамдықпен (немесе 20-60 минут ішінде енгізілетін бір пакет) енгізілуі тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы аурудың ауырлығына байланысты және емдеуші дәрігер анықтайды. Жеті-он күндік ем көптеген пациенттер үшін қанағаттанарлық болуы керек, бірақ клиникалық және бактериологиялық бағалауларға байланысты дәрігер емдеуді ұзарту туралы шешім қабылдауы мүмкін (мысалы, дренаждауға келмейтін немесе ішек, ауыз-жұтқыншақ немесе жыныс жолдары анаэробты патогендерімен қайта эндогенді жұқтыруға бейім аймақтардан инфекция ошағын жою).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.