+400 бонус

МЕТОДЖЕКТ шприц-ручка 50 мг/мл 7,5 мг/0,15 мл №1

9:00-ден кейін қолжетімді
8000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метотрексат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Онкотек Фарма Продукцион ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітінді құрамында белсенді зат – 50 мг метотрексат (54.84 мг метотрексат динатрий түрінде) қосымша заттар: натрий хлориді, рН-ты реттеу үшін натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ересек пациенттердегі ревматоидты артрит қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) тиімділігі жеткіліксіз болғанда ауыр белсенді ювенильді идиопатиялық артриттің полиартрикулярлы түрі фототерапия, PUVA, ретиноидтар сияқты басқа ем түрлерімен емдеуге келмейтін псориаздың ауыр, рефрактерлі, мүгедектікке шалдықтыратын түрлері ересек пациенттердегі ауыр псориаздық артрит
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауырдың ауыр жеткіліксіздігі алкогольді шамадан тыс тұтыну бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз болғанда) сүйек кемігінің гипоплазиясы, лейкопения, тромбоцитопения немесе айқын анемия сияқты анамнездегі қан түзілудің бұзылулары туберкулез, АИТВ-инфекциялары немесе иммундық тапшылықтың басқа жай-күйлері сияқты ауыр, жедел немесе созылмалы инфекциялық аурулар ауыз қуысының ойық жаралары және асқазан-ішек жолының өршу сатысындағы ойық жара ауруы
Дозасы
Ревматоидты артриті бар ересек пациенттерде дозалануы Ұсынылатын бастапқы доза тері астына аптасына бір рет 7.5 мг метотрексатты құрайды. Аурудың белсенділігіне және метотрексаттың жағымдылығына қарай, бастапқы дозаны біртіндеп аптасына 2.5 мг-ға арттыруға болады. Әдетте, метотрексаттың апталық дозасы 25 мг-нан асырылмауы тиіс. Аптасына 20 мг-нан асатын дозалар жағымсыз реакциялардың едәуір артуымен, әсіресе қан түзілуінің тежелуімен байланысты. Емге жауапты, шамамен, 4–8 аптадан кейін күтуге болады. Қалаған емдік әсерге жеткеннен кейін метотрексат дозасын мүмкін деген ең төмен тиімді демеуші дозаға дейін бірітіндеп азайтылуы тиіс. Ювенильді идиопатиялық артриттің полиартрикулярлы түрі бар 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде дозалануы Метотрексаттың тері астына енгізуге ұсынылатын дозасы аптасына бір рет дене беткейі ауданына (ДБА) 10–15 мг/м² құрайды. Емдеу тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда апталық дозаны аптасына бір рет ДБА 20 мг/м² -ға дейін арттыруға болады. Дәрілік препараттың дозасын арттыру дәрігерлік бақылау жиілігін арттыруды талап етеді. Ювенильді идиопатиялық артриті бар пациенттер балалар мен жасөспірімдерді емдеу саласына маманданған ревматологтың бақылауында болуы тиіс. 3 жастан кіші балаларда, осы жас тобындағы препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз болғандықтан, қолдану  ұсынылмайды. Псориаз және псориаздық артриті бар пациенттерде дозалануы  Метотрексаттың 5–10 мг тест-дозасын идиосинкразиялық жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатымен ем басталғанға дейін бір апта бұрын тері астына енгізу керек. Ұсынылатын бастапқы доза тері астына аптасына бір рет 7.5 мг метотрексатты құрайды. Дозаны бірітіндеп арттыру керек, бірақ метотрексаттың апталық дозасы, тұтас алғанда, 25 мг-нан аспауы тиіс. 20 мг-нан асатын апталық доза жағымсыз реакцияларды едәуір арттыруы, оның ішінде, қан түзілімін тежеуі мүмкін. Емге жауапты, шамамен, 2-6 аптадан кейін күтуге болады. Қалаған емдік әсерге жеткеннен кейін метотрексаттың дозасы мүмкін деген ең төмен тиімді демеуші дозаға дейін бірітіндеп азайтылуы тиіс. Ең жоғарғы апталық доза Қажет болған жағдайда метотрексаттың дозасы арттырылуы мүмкін, бірақ тұтас алғанда, ұсынылған ең жоғары 25 мг апталық дозадан аспауы тиіс. Кейбір айрықша жағдайларда  жоғарырақ доза клиникалық тұрғыда ақталуы мүмкін, бірақ ол уыттылықтың едәуір артатынына байланысты метотрексаттың 30 мг ең жоғары апталық дозасынан аспауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Методжект бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолданылуы керек. Метотрексат дозасын төмендегідей түзету керек: Креатинин клиренсі (мл/мин) Метотрексат дозасы ≥60 100% 30–59 50% <30 Метотрексатты (Методжект) қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Метотрексатты бұрыннан бар немесе анамнезінде, әсіресе, алкоголь тұтынуға байланысты бауыр функциясының айтарлықтай бұзылуы бар пациенттерде ерекше сақтықпен тағайындау керек. Егер билирубин деңгейі >5 мг/дл (85.5 мкмоль/л) болса, метотрексатты қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Жас ұлғайған сайын дамитын бауыр мен бүйрек функциясының төмендеуіне, сондай-ақ фолаттар қорының төмендеуіне байланысты, егде жастағы пациенттерде препараттың дозасын азайтуды қарастыру керек. Асцит немесе плевралық жалқық сияқты интерстициальді кеңістікте сұйықтықтың патологиялық жинақталуы бар пациенттерде Асцит немесе плевралық жалқық сияқты интерстициальды кеңістіктерде сұйықтықтың патологиялық жинақталуы бар пациенттерде метотрексаттың жартылай шығарылу кезеңі қалыпты көрсеткіштерімен салыстырғанда 4 есе ұзаруы мүмкін, сондықтан асцит немесе плевралық жалқық бар пациенттерде дозаны азайту немесе кейбір жағдайларда Методжектпен емді тоқтату қажет болуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Дәрілік препарат тек бір рет қолдануға арналған. Методжект тері астына аптасына тек бір рет енгізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.