+129 бонус

МЕТИПРЕД 16 мг №30 таб

2590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метилпреднизолон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Орион Корпорейшн Орион Фарма
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - метилпреднизолон, 4 мг немесе 16 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатин, магний стеараты, тальк.
Қолданылуы
Глюкокортикоидтармен жүйелі немесе жергілікті емдеуді талап ететін жағдайлар, әсіресе аутоиммунды аурулар: • қабыну және жүйелі ревматизм аурулары (мысалы, ревматоидты артрит, ювенильді ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит); • коллагеноздар (мысалы, жүйелі қызыл жегі, жүйелі дерматомиозит); • аллергиялық жағдайлар (мысалы, аса жоғары сезімталдық реакциялары, сарысу құю ауруы, жанаспалы дерматит, анафилаксиялық шок); • өкпе аурулары (мысалы, өкпе саркоидозы, бронх демікпесі); • бассүйекішілік қысымды төмендету үшін (мысалы, жаңа түзілімдердің фонында мидың ісінуі); • трансплантаттың қабылданбай ажырау реакциялары; • кейбір дерматологиялық аурулар (мысалы, кәдімгі сулы бөртпе); • гематологиялық аурулар (мысалы, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, аутоиммунды гемолиздік анемия); • цитостатикалық еммен астасқан ісік аурулары (мысалы, лейкемия, қатерлі лимфома); • бауыр аурулары (мысалы, аутоиммунды гепатит); • неврологиялық аурулар (мысалы, жайылған склероз, миастения); • көз аурулары (мысалы, увеит, көз жүйкесінің невриті); • бүйрек аурулары (мысалы, гломерулонефрит); • асқазан-ішек аурулары (мысалы, спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы).
Қарсы көрсетілімдер
- метилпреднизолонға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - жүйелі зеңдік инфекция - сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы Иммунодепрессивті әсер ететін дозаларда ГКС ем қабылдап жүрген пациенттерге тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналарды енгізу ұсынылмайды.
Дозасы
Бастапқы доза ауруға және оның ауырлық дәрежесіне байланысты. Ересектер үшін бастапқы доза тәулігіне 4-48 мг құрайды, ол анағұрлым ауыр ауру жағдайында ұлғайтылуы мүмкін. Пероральді демеуші доза таңертең күніне бір рет ұсынылады. Препараттың шамамен 6 мг-ден асатын тәуліктік дозасын қабылдаған кезде жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі артады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.