+87 бонус

МЕТФОРМИН 850 мг №60 таб

1750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Озон ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 500 мг бір таблетканың құрамында: белсенді зат: метформин гидрохлориді - 500 мг. қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, тазартылған су, повидон (поливинилпирролидон), магний стеараты. 850 мг бір таблетканың құрамында: белсенді зат: метформин гидрохлориді - 850 мг. қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, тазартылған су, повидон (поливинилпирролидон), магний стеараты. 1000 мг бір таблетканың құрамында: белсенді зат: метформин гидрохлориді - 1000 мг. қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, тазартылған су, повидон (поливинилпирролидон), магний стеараты.
Қолданылуы
2 типті қант диабетінде, әсіресе емдәммен емдеу және дене жүктемесі тиімсіз болған жағдайда, семіздікпен зардап шегетін емделушілерде: • ересектерде монотерапия ретінде немесе басқа пероральді гипогликемиялық дәрілермен немесе инсулинмен біріктірілген ем құрамында; • 10 жастан бастап балаларда монотерапия ретінде немесе инсулинмен біріктіріп.
Қарсы көрсетілімдер
- метформинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома, кома - бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі (КК) 60 мл/мин төмен) - бүйрек функциясының бұзылуының даму қаупімен жүретін жедел жағдайлар: дегидратация (диарея, құсуда), ауыр жұқпалы аурулар, шок - тіндік гипоксияның дамуына әкелуі мүмкін (оның ішінде, жүрек немесе тыныс алу жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі) жедел және созылмалы аурулардың клиникалық айқын білінулері, - инсулинмен емдеу жүргізу көрсетілімде, ауқымды хирургиялық операциялар мен жарақаттар ( «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қара) - бауыр жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы - созылмалы алкоголизм, алкогольмен жедел уыттану - жүктілік - лактоацидоз (оның ішінде сыртартқысында) - құрамында йод бар контрастылы заттарды енгізумен радиоизотопты немесе рентгенологиялық зерттеулер жасағаннан кейін («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қара) 48 сағат ішінде және 48 сағаттан кем уақытта қолдану - төмен калориялы емдәмді сақтау (тәулігіне 1000 ккал төмен) - 10 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Таблеткаларды шайнамай, бүтіндей жұтып, аспен бірге немесе дереу астан кейін судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып ішке қабылдау керек. Ересектер: монотерапия және басқа пероральді гипогликемиялық дәрілермен біріктірілген ем: • Әдеттегі бастапқы доза аспен бірге немесе астан кейін тәулігіне 2-3 рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. Қандағы глюкоза концентрациясына байланысты дозаны кейіннен біртіндеп жоғарылатуға болады. • Препараттың демеуші дозасы әдетте тәулігіне 1500-2000 мг құрайды. Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлерін азайту үшін тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөлу керек. Ең жоғары дозасы тәулігіне үш қабылдауға бөлінген 3000 мг құрайды. • Дозасын баяу жоғарылату асқазан-ішектік жағымдылығының жақсаруына ықпал етуі мүмкін. • Метформинді тәулігіне 2000-3000 мг дозада қабылдайтын емделушілер, препаратты 1000 мг қабылдауға ауыстырылуы мүмкін. Ең жоғары ұсынылған дозасы тәулігіне 3 қабылдауға бөлінген 3000 мг құрайды. Басқа гипогликемиялық дәріні қабылдаудан ауысуды жоспарлаған жағдайда: басқа дәріні қабылдауды тоқтату керек және Метформин препаратын жоғарыда көрсетілген дозада қабылдауды бастау керек. Инсулинмен біріктіріп: Қандағы глюкоза деңгейін жақсы бақылауға қол жеткізу үшін метформин мен инсулинді біріктірілген ем түрінде қолдануға болады. Әдеттегі бастапқы дозасы 500 мг немесе 850 мг Метформин препаратының тәулігіне 2-3 рет бір таблеткасын, 1000 мг Метформин препаратының тәулігіне 1 рет бір таблеткасын құрайды, ал инсулиннің дозасы қандағы глюкоза концентрациясы негізінде таңдалады. Балалар мен жасөспірімдер: балаларда 10-жастан бастап Метформин препаратын монотерапия ретінде де және инсулинмен біріктіріп те қабылдауға болады. Әдеттегі бастапқы дозасы аспен бірге немесе астан кейін тәулігіне 1 рет 500 мг немесе 850 мг құрайды. 10-15 күннен кейін дозаны қан глюкозасының концентрациясы негізінде түзету керек. Ең жоғары тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға бөлінген 2000 мг құрайды. Егде жастағы емделушілер: бүйрек функциясы нашарлауы мүмкін болғандықтан, метформиннің дозасын бүйрек функциясы көрсеткіштерін ұдайы бағалау негізінде таңдау керек (қан сарысуы креатинині концентрациясын жылына 2-4 реттен кем емес анықтау). Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды. Емдеуші дәрігердің шешімінсіз препаратты қабылдауды тоқтатуға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.