+307 бонус

МЕТАКАРТИН 2 г/10 мл №10 фл

6150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левокарнитин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – левокарнитин 1.0 г немесе 2.0 г қосымша заттар: натрий бензоаты, алма қышқылы, апельсин хош иістендіргіші, натрий сахарині, тазартылған су.
Қолданылуы
- бастапқы және салдарлы карнитин тапшылығында.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Генетикалық аурулар аясындағы бастапқы және салдарлы карнитин тапшылығын Тәуліктік пероральді дозасы жас шамасы мен дене салмағына тәуелді: туылған сәттен бастап 2 жасқа дейінгілерге – кг дене салмағына 150 мг; 2 жастан 6 жасқа дейінгілерге – кг дене салмағына 100 мг; 6 жастан 12 жасқа дейінгілерге – кг дене салмағына 75 мг; 12 жастан асқандар мен ересектерде – аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты және дәрігердің кеңесіне байланысты – 2-4 г. Гемодиализ аясындағы салдарлы карнитин тапшылығы Тәуліктік пероральді дозасы 2-4 г құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Уытты болуы ықтимал метаболиттері триметиламин (TMA) мен триметил-N-тотығының (TMAТ) жинақталуы қаупіне байланысты, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер левокарнитиннің жоғары дозаларымен ұзақ пероральді ем қабылдамауы тиіс. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде айрықша сақтық шаралары және Метакартин препаратының дозасын өзгерту қажет емес. Клиникалық зерттеулерде байқалған қауіпсіздік бейіні егде жастағы және жас адамдарда салыстырымды. Диабеті бар пациенттер Диабеті бар, инсулинді немесе глюкозаның утилизациясын жақсартатын пероральді гипогликемиялық дәрілерді қабылдап жүрген пациенттерде левокарнитинді қолдану гипогликемияға алып келуі мүмкін, сондықтан ондай пациентерде, гипогликемиялық емді дер кезінде түзету үшін гликемия деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.