+386 бонус

МЕСАКОЛ 400 мг №50

9:00-ден кейін қолжетімді
7725 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Месалазин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сан Фармасьютикал Индастриз Лтд,
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 400.00 мг месалазин, қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза К-4М, повидон К-90 (Коллидон), изопропил спирті, тазартылған тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликолаты (А типі) (РН 5.5-7.5) қабықтың құрамы: метакрил кополимер қышқылы (С типі) (Эудрагит L 100-55), метакрил кополимер қышқылы (В типі) (Эудрагит S100), дибутилфталат, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), макрогол 6000, ацетон, изопропил спирті
Қолданылуы
МЕСАКОЛ ересектерге, балаларға және 6 жастан асқан жасөспірімдерге емдеу үшін көрсетілген: - спецификалық емес ойық жаралы колит (СОК) (ауырлығы жеңіл және орташа деңгейдегі асқынуды емдеу; ремисияны демеу үшін) - Крон аурулары (ремиссияны демеу үшін)
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ 30 мл/мин/1,73 м2-ден кем) - қан аурулары (анемия, лейкоздар) - геморрагиялық диатез - асқыну кезеңінде асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы - бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі - жүктілік кезеңі және бала емізу - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Спецификалық емес ойық жаралы колитті емдеу үшін: Аурудың жедел кезеңінде: Ересектер Күніне 3 рет 2-3 таблеткадан бөлек дозалармен (күніне 2400 мг - 3600 мг месалазин). Қажет болса, дозаны күніне 4000 мг (10 таблетка) дейін арттыруға болады. Спецификалық емес ойық жаралы колиттің профилактикасы үшін: Күніне 1200-2400 мг месалазин (3 – 6 таблетка), күніне бір рет немесе бөлек дозада. Крон ауруының профилактикасы үшін: Күніне бір рет немесе бөлек дозада қабылданатын 2000 мг (6 таблеткаға дейін). Ең жоғары тәуліктік доза 4000 мг құрайды, бөлек дозалармен. Күніне 10 x 400 мг таблеткадан артық қабылдамаған жөн. Егде жастағы пациенттер. Бауыр мен бүйректің қалыпты жұмыс істеуі кезінде дозаны түзетудің қажеті жоқ. 6 жастағы және одан асқан балаларда қолдану. Тәуліктік доза баланың дене салмағына байланысты: тәулігіне 15-30 мг/кг, ойық жаралы колит кезінде тәулігіне 30/50 мг/кг дозадан бастайды. Ең жоғары тәуліктік доза 2 г құрайды. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. Таблеткаларды шайнамай тамақтанар алдында қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Препаратты 8-12 аптадан асырмай жоғары дозада пайдалану ұсынылады. Емдеу ұзақтығы мен сызбасын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.