+208 бонус

МЕРТЕНИЛ 20 мг №30 таб

4160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Розувастатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 5,2 мг (5,0 мг розувастатинге баламалы), 10,4 мг (10,0 мг розувастатинге баламалы), 20,8 мг (20,0 мг розувастатинге баламалы), 41,6 мг (40,0 мг розувастатинге баламалы) кальций розувастатині, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза 12, магний гидроксиді, кросповидон А типі, магний стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: опадрай II ақ 85F18422: поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), макрогол 3350, тальк.
Қолданылуы
Гиперхолестеринемияны емдеу - Алғашқы гиперхолестеринемиясы (IIa типі, гетерозиготалық отбасылық гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемиясы (IIb) бар ересек пациенттер, 6 жастағы және одан үлкен балалар мен жасөспірімдер диета және емдеудің басқа дәрі-дәрмектік емес әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын азайту) жеткіліксіз болған кезде диетаға қосымша ретінде - Гомозиготалық отбасылық гиперхолестеринемияда ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастағы және одан асқан балаларда диетамен емдеуге және липидтерді төмендететін емнің басқа әдістеріне (мысалы, ТТЛП-аферезі) қосымша ретінде немесе мұндай емнің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайларда. Жүрек-қантамырларының ауыр асқынуларының профилактикасы - алғашқы атеросклероздық жүрек-қантамырлық аурулар қаупі жоғары пациенттерде жүрек-қантамырларының ауыр асқынуларының профилактикасы үшін, басқа да қауіпті факторларды қосымша түзету ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
‒ розувастатинге немесе препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық; ‒ «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің тұрақты түсініксіз жоғарылауын қоса, белсенді фазадағы бауыр аурулары, сондай-ақ қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің, қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, 3 еседен астамға кез-келген жоғарылауы; ‒ бүйрек функциясының айқын бұзылулары (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз); ‒ миопатия; - софосбувир/велпатасвир/воксилапревирді бір мезгілде қабылдау; ‒ циклоспоринмен бір мезгілде қабылдау; ‒ жүктілік және бала емізу кезеңі; ‒ сенімді контрацепция құралдарын қолданбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер; ‒ лактоза/галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбция; ‒ 6 жасқа дейінгі балалар. 40 мг дозада розувастатинді миопатия/рабдомиолиздың дамуына бейімдейтін келесі факторлары бар пациенттерге қолдануға болмайды: ‒ бүйрек функциясының айқындығы орташа бұзылуы (60 мл/минуттан аз креатинин клиренсі); ‒ гипотиреоз; ‒ жеке немесе отбасылық анамнезде тұқым қуалайтын бұлшықет ауруларының болуы; ‒ анамнезде ГМГ-КоА-редуктазасының басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау аясындағы миоуыттану болуы; ‒ алкогольді шамадан тыс пайдалану; ‒ қан плазмасындағы розувастатин концентрациясының артуына әкелуі мүмкін жағдайлар; ‒ моңғолоидтық нәсілге қатыстылар; ‒ фибраттарды бір мезгілде қабылдау.
Дозасы
Емдеуді бастар алдында пациент холестерин мөлшері аз өнімдерді қолдана отырып, стандартты диета ұстанғаны жөн, ол емдеудің бүкіл кезеңі бойына жалғастырылуы тиіс. Препарат дозалары, жүргізілетін емнің мақсатына және жүргізілетін емге пациенттің емдік жауабына сай, липидтердің мақсатқа сай деңгейлері бойынша қазіргі жалпыға ортақ нұсқауларды ескере отырып, әр адамға жеке таңдап алынуы тиіс. Гиперхолестеринемияны емдеу Препараттың бастапқы ұсынылатын дозасы бұрын статиндер қабылдамаған пациенттер үшін де, ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерімен емделгеннен кейін осы препаратты қабылдауға көшірілген пациенттер үшін де тәулігіне 1 рет 5 мг немесе 10 мг құрайды. Препараттың бастапқы дозасын таңдағанда, әрбір нақты пациенттегі холестерин деңгейін, сондай-ақ жүрек-қантамырлық асқынулардың және жағымсыз реакциялардың даму мүмкіндігі қаупін ескеру керек. Қажет болған жағдайда 4 аптадан соң дозаны ұлғайтуға болады. 40 мг дозаны қолдану кезінде жағымсыз реакциялар кіші дозаларды қолданған жағдаймен салыстырғанда жиі туындайтындықтан, дозаны ең жоғары 40 мг-ға дейін титрлеу тек ауыр гиперхолестеринемиясы бар және 20 мг дозаны қабылдағанда қалаулы нәтижеге жете алмаған және алдағы уақытта маманның қадағалауында болатын жүрек-қантамырлары ауруларының қаупі жоғары (атап айтқанда, отбасылық гиперхолестеринемиясы бар) пациенттерде ғана жүргізілуге тиіс. 40 мг дозаны қолданудың басында маманның қадағалауына кеңес беріледі. Балалар мен жасөспірімдер Розувастатинді балаларға тек мамандар ғана тағайындауы тиіс. 6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (Таннер сатысы 9 балл) бар пациенттерге қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Белсенді фазадағы бауыр аурулары бар пациенттерге Мертенилді қолдануға болмайды. Азиялық тектегі пациенттер Моңғолоидтық нәсілді пациенттерде розувастатиннің жүйелі экспозициясының ұлғаюы мүмкін. Моңғолоидтық нәсілді пациенттер үшін препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды. Препараттың 40 мг дозасын қолдану бұл пациенттерге қарсы көрсетілімде. Генетикалық полиморфизм Генетикалық полиморфизмнің белгілі бір типтері розувастатин экспозициясының жоғарылауына әкелуі мүмкін екені белгілі. Полиморфизмнің осындай типтері бар пациенттер үшін розувастатиннің төменірек тәуліктік дозасы ұсынылады. Миопатияға бейімдеуші факторлар болған жағдайдағы дозалар Миопатияға бейімділігі бар пациенттерге препараттың бастапқы дозасы 5 мг құрайды. Бұл топтағы пациенттердің кейбіреулеріне препаратты 40 мг дозада қолдануға болмайды. Қатарлас ем Розувастатин түрлі тасымалдайтын ақуыздар (мысалы, OATP1B1 және BCRP) үшін субстрат болып табылады. Розувастатинді тасымалдайтын ақуыздармен өзара әрекеттесу есебінен қан плазмасындағы розувастатин концентрациясын арттыратын дәрілік препараттармен (циклоспорин, кейбір АИТВ протеазасының тежегіштері, оған қоса ритонавирдің атазанавирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімі сияқты) бірге қолдану кезінде миопатия даму қаупі (рабдомиолизді қоса) жоғарылауы мүмкін. Сәйкес дәрілік препараттарды Мертенил препаратымен бірге қолдану мүмкіндігін қарастырған жағдайда олар туралы ақпаратты оқып шығу ұсынылады. Мұндай жағдайларда баламалы ем тағайындау немесе Мертенил препаратын қабылдауды уақытша тоқтату мүмкіндігін бағалау керек. Егер жоғарыда аталған препараттар мен розувастатинді қолдану қажет болса, қатарлас емнің пайда және қауіп арақатынасын бағалау және Мертенил препаратының дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.