+267 бонус

МЕРОПЕНЕМ 1000 мг №1 флак лиоф. д/приг р/ра Синтез

5350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Меропенем
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ПАО Синтез
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Меропенем, 500 мг, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ Бір құтының ішінде белсенді зат – 570 мг меропенем тригидраты 500 мг меропенемге шаққанда. Меропенем, 1000 мг, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ Бір құтының ішінде белсенді зат – 1140 мг меропенем тригидраты 1000 мг меропенемге шаққанда; қосымша зат: сусыз натрий карбонаты.
Қолданылуы
Меропенем ересектерде және 3 айдан бастап балаларда меропенемге сезімтал бір немесе бірнеше қоздырғыш тудырған келесі инфекциялық-қабыну ауруларында қолданылады: - ауыр пневмония, ауруханаішілік пневмонияны және жасанды дем алу кезінде жүре пайда болған пневмонияны қоса; - муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары; - бүйректің және несеп шығару жолының асқынған инфекциялары; - құрсақішілік асқынған инфекциялар; - босану кезіндегі және босанудан кейінгі инфекциялар; - тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары; - жедел бактериялық менингит. Меропенем бактериялық инфекция тудырған нейтропенияға және қызбаға шалдыққан пациенттерді емдеу үшін, сондай-ақ жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе байланысы болжанған бактериемиясы бар пациенттерді емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Антибиотиктерді дұрыс қолдану үшін ресми нұсқауларды жетекшілікке алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға немесе анамнезінде карбапенем тобының басқа препараттарына аса жоғары сезімталдық; - бета-лактамды құрылымы бар бактерияға қарсы кез келген дәріге (яғни, пенициллиндерге немесе цефалоспориндерге) айқын аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық реакциялар, терінің ауыр реакциялары);
Дозасы
Дозалау бойынша жалпы ұсыныстар төмендегі кестелерде келтірілген. Емнің дозасы мен ұзақтығы инфекцияның типі мен ауырлығына және пациенттің жағдайына байланысты белгіленуі тиіс. Ересектер мен жасөспірімдер үшін күніне үш рет 2 г дейін және балалар үшін күніне үш рет 40 мг/кг дейін дозалау, әсіресе сезімталдығы аз бактериялық патогендер тудырған кейбір (мысалы, Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter spp.) инфекциялар сияқты немесе өте ауыр инфекцияларды емдеу кезінде мақсатқа сай болуы мүмкін. Ересектер мен жасөспірімдер Инфекция Доза 8 сағат сайын енгізіледі Ауыр пневмония, ауруханаішілік пневмонияны және жасанды дем алу кезінде жүре пайда болған пневмонияны қоса 500 мг немесе 1 г Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары 2 г Бүйректің және несеп шығару жолының асқынған инфекциялары 500 мг немесе 1 г Асқынған құрсақішілік инфекциялар 500 мг немесе 1 г Босану кезіндегі және босанудан кейінгі инфекциялар 500 мг немесе 1 г Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары 500 мг немесе 1 г Жедел бактериялық менингит 2 г Фебрильді нейтропения 1 г Меропенем, әдетте, шамамен 15–30 минут бойы вена ішіне енгізіледі. Сол сияқты, 1 г дейінгі дозаларды вена ішіне болюсті инъекция түрінде шамамен 5 минут ішінде енгізуге болады. Ересектерде вена ішіне болюсті 2 г енгізу қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі 51 мл/мин аз пациенттерде доза келесі үлгіде азайтылуы тиіс (төменде қараңыз). 2,0 г дозалау бірлігінде препараттың дозасын түзету жеткілікті зерттелмеген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.