+225 бонус

МЕРОПЕНЕМ 0,5г 1 флак лиоф. д/приг р/ра

9:00-ден кейін қолжетімді
4500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Меропенем
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Красфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат: меропенемге шаққанда меропенем тригидраты – 0.5 г; 1.0 г қосымша зат: натрий карбонаты – 0.104 г; 0.208 г
Қолданылуы
Меропенемге сезімтал қоздырғыштар туындатқан (монотерапия немесе басқа да микробтарға қарсы дәрілік заттармен (ДЗ) біріктірілімде) жұқпалы-қабыну ауруларында: - төменгі тыныс алу жолдарының жұқпаларында (оның ішінде пневмониялар, ауруханалықты қоса) - интраабдоминальді жұқпаларда (оның ішінде асқынған аппендицит, перитонит) - несеп шығару жүйесінің асқынған жұқпаларында (оның ішінде пиелонефрит, пиелит) - тері мен жұмсақ тіндер жұқпаларында (оның ішінде тілме, импетиго, салдарлы жұқпаланған дерматоздар) - кіші жамбас мүшелерінің жұқпаларында (оның ішінде эндометрит, пельвиоперитонит) - бактериялық менингитте - септицемияда - фебрильді нейтропения симптомдары бар ересектерде бактериялық жұқпаға күдіктенгенде (монотерапия түріндегі эмпирикалық емдеуде немесе вирусқа қарсы немесе зеңге қарсы ДЗ біріктірілімде).
Қарсы көрсетілімдер
- сыртарқыдағы меропенемге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге жоғары сезімталдық - 3 айға дейінгі балалар
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Көктамыр ішіне (к/і) болюсті немесе инфузиямен. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – әрбір 8 сағат сайын 500 мг пневмония, несеп шығару жолдарының, кіші жамбас мүшелерінің, тері мен жұмсақ тіндердің жұқпалы-қабыну ауруларында; әрбір 8 сағат сайын 1.0 г госпитальдық пневмонияда, перитонитте, фебрильді нейтропения сипмтомдары бар науқастарда бактериялық жұқпаға күдік туғанда, септицемияда; әрбір 8 сағат сайын 2.0 г менингит кезінде. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны КК байланысты түзетеді: Креатинин клиренсі (КК) мл/мин Ауруларға байланысты бір реттік доза Енгізу кезеңділігі 26-50 500 мг – 1.0 г – 2.0 г әрбір 12 сағат сайын 10-25 250 мг - 500 мг – 1.0 г әрбір 12 сағат сайын 10-нан аз 250 мг - 500 мг – 1.0 г әрбір 24 сағат сайын Меропенем гемодиализ кезінде шығарылады. Гемодиализ ем-шарасы аяқталғанда тиімді плазмалық концентрацияны қалпына келтіру үшін тиісті патологияға ұсынылатын меропенемнің бір реттік дозасын енгізу қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда, бүйрек қызметі қалыпты (КК минутына 50 мл асатын) егде емделушілерде дозаны түзету қажет етілмейді. 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға - 10-20 мг/кг әрбір 8 сағат сайын, жұқпаның түрі мен ауырлығына, патогенді микроорганизмнің сезімталдығы және емделушінің жағдайына байланысты. Дене салмағы 50 кг асатын емделушілерге ересектерге арналған дозаны пайдаланған жөн. Менингитте – 40 мг/кг әрбір 8 сағат сайын. Бүйрек қызметінің бұзылуы бар балаларда қолдану тәжірибесі жоқ. Препарат ерітінділерін дайындау және енгізу: - көктамыр ішіне болюсті инъекция үшін инъекцияға арналған сумен ерітіндінің 50 мг/мл (әрбір 500 мг-ға 10 мл) концентрациясына дейін сұйылту, 5 мин бойы енгізу керек. - көктамыр ішіне инфузия үшін 50-100 мл үйлесімді инфузиялық ерітіндіде сұйылту керек (0.9 % натрия хлориді ерітіндісі, 5-10 % декстроза ерітіндісі), 15-30 мин бойы енгізеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.