+375 бонус

МЕРОНЕМ 0,5 г №1 фл Меропенем

9:00-ден кейін қолжетімді
7500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Меропенем
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ACS Dobfar S.р.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде: белсенді зат  – 570  мг және 1140  мг меропенем тригидраты (500 мг және 1000 мг сусыз меропенемге баламалы); қосымша заттар-натрий карбонаты (сусыз).
Қолданылуы
Меронем® препаратының құрамында әсер етуші зат меропенем бар және карбапенемдер класының антибиотиктері деп аталатын дәрілік препараттар тобына жатады. Ол ауыр инфекциялар тудыруы мүмкін бактерияларды жою арқылы әсер етеді. Меронем® препараты 3 айдан асқан балалар мен ересектерде мынадай ауруларды емдеу үшін көрсетілген: өкпені зақымдайтын инфекциялар (пневмония); муковисцидозбен ауыратын пациенттерде өкпе және бронх инфекциялары; несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары; құрсақ қуысының асқынған инфекциялары; босану кезінде немесе одан кейін жұқтыруы мүмкін инфекциялар; терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары; мидың жедел бактериялық инфекциясы (менингит). Меронем® препаратын нейтропениядан зардап шегетін  пациенттерде бактериялық инфекциямен байланысты деп болжанатын қызба кезінде қолдануға болады. Меронем® препаратын жоғарыда аталған инфекциялардың типімен байланысты қан жүретін жүйенің бактериялық инфекциясын емдеуде қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе Қосымша мәліметтер бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық карбапенемдер класындағы басқа антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық кез келген басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, пенициллиндерге, цефалоспориндерге) айқын аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық реакциялар, терінің ауыр реакциялары)
Дозасы
Дозалау жөніндегі жалпы ұсынымдар төмендегі кестелерде берілген. Дозасы және емнің ұзақтығы инфекцияның типіне, ауырлығына және клиникалық жауапқа байланысты белгіленуі тиіс. Сонымен, кейбір инфекцияларды, атап айтқанда бактериялардың сезімталдығы азырақ түрлерінен туындағандарды (мысалы, энтеробактериялардан, Pseudomonas aeruginosa, ацинетобактерлерден), немесе өте ауыр инфекцияларды емдеген кезде ересектер мен жасөспірімдерге 2 г дейінгі дозаны тәулігіне 3 рет және балаларға 40 мг/кг дейінгі дозаны тәулігіне 3 рет тағайындаған дұрыс болуы мүмкін. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер дозаны қосымша түзетуді қажет етеді (төменде қараңыз).  Ересектер мен жасөспірімдер Инфекция Әр 8 сағатта енгізу Ауыр пневмония, оның ішінде ӨЖЖ-астасқан және ауруханалық пневмония 0,5 г немесе 1,0 г Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары 2,0 г Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары 0,5 г немесе 1,0 г Құрсақ қуысының асқынған инфекциялары 0,5 г немесе 1,0 г Босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі инфекциялар 0,5 г немесе 1,0 г Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары 0,5 г немесе 1,0 г Жедел бактериялық менингит 2,0 г Фебрильді нейтропения 1,0 г Әдетте, меропенемді венаішілік инфузия түрінде шамамен 15–30 минут бойы енгізеді (Енгізу әдісі мен жолы бөлімін қараңыз). Бұдан басқа, 1,0 г дейінгі дозаларын венаішілік болюстік инъекция түрінде шамамен 5 минут бойы енгізуге болады. 2,0 г дозасын ересектерге венаішілік болюстік инъекция түрінде енгізудің қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 3 айға толмаған балалар Меропенемді 3 айға толмаған балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Дозалаудың оңтайлы режимі анықталмаған. Препараттың фармакокинетикасы жөніндегі шектеулі деректер әр 8 сағат сайын 20 мг/кг дозаны енгізу лайықты режим болуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді. Жастары 3 айлықтан 11 жасқа дейінгі дене салмағы 50 кг дейінгі балалар Ұсынылатын дозалау режимдері төмендегі кестеде көрсетілген. Инфекция Әр 8 сағатта енгізу Ауыр пневмония, оның ішінде ӨЖЖ-астасқан және ауруханалық пневмония 10 немесе 20 мг/кг Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары 40 мг / кг Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары 10 немесе 20 мг/кг Құрсақ қуысының асқынған инфекциялары 10 немесе 20 мг/кг Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары 10 немесе 20 мг/кг Жедел бактериялық менингит 40 мг / кг Фебрильді нейтропения 20 мг/кг Дене салмағы 50 кг-ден асатын балалар Ересектерге арналған дозаларды қолдану керек. Балаларда бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясы қалыпты және креатинин клиренсі 50 мл/мин асатын егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес.  Бүйрек  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі минутына 51 мл-ден аз болғанда ересектер  мен жасөспірімдерге препараттың дозасын түзету қажет  (төменде қараңыз). 2,0 г доза бірлігінде препараттың дозасын түзету жеткілікті зерттелмеген. Креатинин клиренсі (мл/мин) Доза (0,5 г, 1,0 г немесе 2,0 г дозалау бірліктері негізінде есептеледі; төмендегі кестені қараңыз) Енгізу жиілігі 26-50 Дозаның 1  бірлігі Әр 12 сағат сайын 10-25 Дозаның 0,5  бірлігі Әр 12 сағат сайын < 10 Дозаның 0,5  бірлігі Әр 24 сағат сайын Меронем® гемодиализ және гемофильтрация кезінде шығарылады. Препараттың қажетті дозасын гемодиализ емшарасы аяқталғаннан кейін енгізу керек. Препаратты перитонеальді диализдегі пациенттерге енгізу жөнінде нұсқаулар жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Меронем® препараты ірі венаға инъекция немесе  инфузия түрінде енгізіледі. Әдетте Меронем® препаратын дәрігер немесе мейіргер енгізеді. Алайда, кейбір пациенттер, ата-аналар немесе пациенттерге күтім жасайтын адамдар Меронем® препаратын үйде енгізе алады. Препаратты енгізу жөніндегі нұсқаулықтар осы қосымша парақта берілген. Меронем® препаратын әрдайым дәрігер ұсынғандай қолданыңыз. Егер Сізде күмән туындаса, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесуіңіз керек. Бұл инъекциялық препаратты шприцте басқа дәрілік препараттармен араластыруға немесе қосуға болмайды. Препаратты шамамен 5 минут немесе 15-30 минут бойы енгізуге болады. Емдеуші дәрігер Сізге Меронем®препаратын қалай енгізу керектігін айтады. Препаратты күн сайын бір уақытта енгізу маңызды. Ұсынымдар / медициналық ақпарат Антибиотиктер бактериялар тудыратын инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Олар вирустар тудыратын инфекцияларға ешқандай әсер етпейді. Кейде бактериялар тудыратын инфекция антибиотиктермен емдеу курсына жауап бермейді. Бұл құбылыстың себептерінің бірі - инфекцияны тудыратын бактериялар қолданылатын антибиотиктерге төзімді. Бұл антибиотикпен емдеуге қарамастан, олар өмір сүре алады және тіпті көбейе алады дегенді білдіреді. Бактериялар көптеген себептерге байланысты антибиотиктерге төзімді болуы мүмкін. Антибиотиктерді мұқият қолдану бактерияларға төзімділіктің туындау мүмкіндігін азайтуға көмектеседі. Дәрігер Сізге антибиотиктер курсын тағайындаған кезде, олар тек сіздің қазіргі ауруыңызды емдеуге арналған. Келесі ұсынымға назар аудару антибиотиктің әсеріне кедергі келтіруі мүмкін төзімді бактериялардың пайда болуының алдын алуға көмектеседі. 1. Антибиотикті дұрыс дозада, тиісті уақытта және белгілі бір мерзімде қолдану өте маңызды. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқауларды оқып шығыңыз (қосымша парақ) және егер Сіз оларды түсінбесеңіз, дәрігерге хабарласыңыз. 2. Антибиотикті, егер ол Сізге тағайындалмаса қолдануға болмайды, сонымен қатар ол тағайындалған инфекцияны емдеу үшін ғана қолданылуы керек. 3. Сіз сияқты инфекциямен ауырса да, басқа адамға тағайындалған антибиотикті қолдануға болмайды. 4. Сізге тағайындалған антибиотикті басқа адамдарға беруге болмайды. 5. Егер сізде дәрігердің нұсқауы бойынша қажетті курсты алғаннан кейін антибиотик қалса, қалғанын тиісті түрде утилизациялау үшін дәріханаға апару керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.