МЕРКАЦИН 100 мг/2 мл, №1 флакон

550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амикацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Нұсқаулық
Құрамы
2 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – амикацин сульфаты (амикацинге шаққанда) 100 мг немесе 500 мг, қосымша заттар: натрий цитраты, натрий метабисульфиті, сұйылтылған күкірт қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Амикацин - аминогликозидтер тобындағы жартылай синтетикалық антибиотик, ол грам-теріс микроорганизмдердің, соның ішінде Рseudomonas және кейбір кең спектрлі грам-оң микроорганизмдерге қатысты белсенді. Сезімтал грам-теріс микроорганизмдер: Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, индол-оң және индол-теріс Proteus spp., Klebsiella, Enterobacter және Serratia spp., Minea-Herellae, Citrobacter freundii, Salmonella, Shigella, Acinetobacter және Providencia spp. Гентамицинге және тобрамицинге төзімді жоғарыда аталған грам-теріс микроорганизмдердің көптеген штамдары амикацинге in vitro сезімтал. Амикацинге сезімтал негізгі грам-оң микроорганизм - метициллинге резистентті штаммдарды қоса, Staphylococcus aureus. Амикацин Streptococcuspyogenes, Enterococci және Diplococcus pneumoniae кейбір штамдарын қоса, басқа грам-оң микроорганизмдерге қатысты белгілі бір дәрежеде белсенді. Меркацин грамтеріс микроорганизмдердің, соның ішінде Pseudomonas spp сезімтал штаммдарынан туындаған ауыр инфекциялық ауруларды қысқа мерзімді емдеуге арналған; сондай-ақ, Меркацинді диагноз қойылған немесе болжамды стафилококк инфекциясын емдеу үшін қолдануға болады (бұл стафилококктардан туындаған инфекциялық ауруларды емдеуде таңдаулы дәрі емес). Жоғарыда аталған жағдайларға грам-теріс микроорганизмдер немесе стафилококктар тудыратын ауыр инфекциялық аурулардың бастапқы емі, грам-теріс микроорганизмдер мен стафилококктар тудыратын аралас инфекциялар емі және басқа антибиотиктерге аллергиясы бар пациенттердегі ем жатады. Амикацин емін микроорганизмнің сезімталдығын зерттеу нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады; қажет болған жағдайда хирургиялық араласулар жасалуы мүмкін. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықта қамтылған ақпаратты ескеру ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - миастения гравис. Аминогликозидтерге белгілі айқаспалы аса сезімталдыққа байланысты, осы топтағы кез келген дәрілік затты қолдануға қарсы көрсетілім аса жоғары сезімталдық немесе ауыр жағымсыз реакциялар болуы мүмкін, олар анамнезде аминогликозидтерді қолдану аясында байқалды.
Дозасы
Меркацинді дозалау режимі пациенттің дене салмағын ескере отырып әркімге жеке таңдалады. Көптеген инфекциялар үшін препаратты б/і енгізген дұрысырақ болып табылады. Меркацинді өмірге қауіп төндіретін инфекциялар кезінде немесе препаратты бұлшықет ішіне енгізу мүмкін болмайтын пациенттерде баяу сорғалатып инъекция (2-3 минут) немесе инфузия (30 минут ішінде 0,25% ерітінді) түрінде в/і енгізуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.