+204 бонус

МЕРИСТАТ САНОВЕЛЬ 125 мг/5 мл 50 мл лиоф. д/приг сусп

4080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Сановель Фармако-индустриальная торговая компания
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында белсенді зат – кларитромицин түйіршіктері (125 мг кларитромицинге баламалы) қосымша заттар: калий сорбаты, мальтодекстрин, ксантан шайыры, лимон қышқылы (сусыз), Тутти фрутти хош иістендіргіші, коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е171), қант ұнтағы
Қолданылуы
МЕРИСТАТ-сановель 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (синусит, фарингит) - төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония) - ортаңғы құлақтың жедел қабынуы - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (фолликулит, целлюлит/флегмона, тілмелі қабыну) - он екі елі ішек ойық жарасының қайталануын азайту үшін ересектерде H. Pylori эрадикациясы (кешенді ем құрамында) Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми ұлттық ұсыныстарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кларитромицинді және келесі препараттардың қандай да болсын біреуін бір мезгілде қолдану: астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмиясының пайда болуына әкеп соғуы мүмкіндігінен) эрготамин немесе дигидроэрготамин (себебі эргоуыттылыққа әкеп соғуы мүмкіндігінен) CYP3P4 арқылы едәуір дәрежеде метаболизденетін ГМК-КоА-редуктаза тежегіштері (ловастатин, симвастатин), рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупіне орай тикагрелор, ивабрадин немесе ранолазин колхицин ішу арқылы қолданылатын мидазоламмен ломитапид - анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, қарыншалық жүрек аритмиясы бар пациенттер - креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттер (препараттың бұл түрінде дозаны күніне 500 мг төмендету мүмкін болмағандықтан) - электролиттік бұзылулары бар пациенттерге (QT аралығының ұзару қаупіне байланысты гипокалиемия немесе гипомагниемия) - бүйрек жеткіліксіздігімен бір мезгілде жүретін бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - тұқым қуалайтын фруктозаның жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы - 6 айға дейінгі балалар.
Дозасы
6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда кларитромицинді суспензия түрінде қолдану қажет. Өмірінің бірінші күнінен бастап 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын тәуліктік доза: қабылдау арасындағы интервал 12 сағатты құрайтын 2 қабылдауға бөлінген 15 мг/кг. Қазіргі уақытта шала туған нәрестелерде дозалау туралы деректер жеткіліксіз. Фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері клиникалық жағдайға байланысты шала туған нәрестелердегі кларитромициннің тәуліктік дозасын дене салмағына 30 мг/кг дейін арттыру қажет болуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді. Ең жоғары тәуліктік доза: тәулігіне 2 рет 500 мг-ден. Суспензияны ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады, сүтпен ішуге болады. Кестеде баланың дене салмағына негізделген дозаны белгілеу жөніндегі нұсқаулар бар. Дене салмағы * 1 қабылдауға суспензия дозасы өлшеу қасығы (мл) Кларитромицинге сәйкес келеді (мг) 8 - 11 кг ½ өлшеу қасығы (2.5 мл) 62.5 мг 12 - 19 кг 1 өлшеу қасығы (5.0 мл) 125 мг 20 - 29 кг 1 + ½ өлшеу қасығы (7.5 мл) 187.5 мг 30 - 40 кг 2 өлшеу қасығы (10 мл) 250 мг * Дене салмағы 8 кг дейінгі балаларға дозаны килограмм дене салмағына есептеу қажет (тәулігіне 2 рет 7.5 мг/кг жуық). Ересектерде H. pylori эрадикациясы: H. pylori әсерінен туындаған асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы бар науқастарда, кларитромицин бірінші қатардағы үштік терапия құрамында тәулігіне екі рет 500 мг дозада тағайындалады. Helicobacter pylori эрадикациясы бойынша ұлттық ұсыныстарды ескеру қажет. 3 жасқа дейінгі балалардағы ауруханадан тыс пневмонияда қолдану бойынша әсері құжат жүзінде расталмаған. Емнің ұзақтығы: Емдеудің ұзақтығын пациенттің жағдайына байланысты және оны емдеуші дәрігер анықтайды. • 12 жасқа дейінгі балаларда әдеттегі емдеу ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейінді құрайды. • Ересектер мен жасөспірімдерде әдеттегі емдеу ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейінді құрайды. • Емдеуді ауру симптомдары басылғаннан кейін кемінде 2 күн жалғастыру керек. • Streptococcus pyogenes (бета-гемолитикалық стрептококк) туындаған инфекцияларда емнің ұзақтығы кемінде 10 күнді құрауы тиіс. • H. pylori эрадикациясына арналған кешенді ем құрамында, мысалы, кларитромицин (тәулігіне екі рет 500 мг) омепразолмен (тәулігіне екі рет 20 мг), амоксициллинмен (күніне екі рет 1000 мг) бірге, емді 7 күн бойы жалғастыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1.73м2 балаларға МЕРИСТАТ-сановель дозасын екі есе азайту керек, яғни тәулігіне бір рет 250 мг немесе инфекцияның аса ауыр түрлерінде тәулігіне екі рет 250 мг. Емдеу курсының ұзақтығы 14 күннен артық созылмайды. Ритонавирмен бір мезгілде емдегенде кларитромициннің дозасын креатинин клиренсіне байланысты түзету қажет: Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК 30-60 мл/мин) стандартты дозамен салыстырғанда дозаны 50%-ға азайту керек. Ауыр инфекцияларда стандартты доза тағайындалады. КК < 30 мл/мин пациенттер үшін кларитромициннің дозасын көрсетілген стандартты дозаның 25%-на дейін, ал ауыр инфекцияда -50%-на дейін төмендету керек. Бүйрек қызметі қалыпты пациенттерде дозаны азайту қажет емес, бірақ тәуліктік доза 1 г кларитромициннен аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Суспензияны балаға қасықпен береді. Қолдану және дозалау бойынша дәрігердің ұсыныстарын орындау қажет. Суспензияны дайындау тәсілі: Ашар алдында құтыны 2-3 рет сілку керек. Қайнаған және салқындатылған суды құтыдағы белгіге дейін құйып, жақсылап сілку қажет. Сұйықтық деңгейі төмендегенше бірнеше минут күту керек. Құтының белгісіне дейін су қосып, алынған суспензияны қайтадан сілку қажет. Әр қолданудың алдында суспензияны қалпына келтіру үшін құтыны сілку керек. Дайындалғаннан кейін суспензияны 25°С-ден аспайтын бөлме температурасында 14 күн сақтау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.