+400 бонус

МЕРИСТАТ MR - САНОВЕЛЬ 500 мг №14 таб

8000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Сановель Фармако-индустриальная торговая компания
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 500 мг кларитромицин қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза K 100 LV, лактоза моногидраты, тальк, магний стеараты қабық: Опадрай Сары (OY-S-32917), натрий сахарині, ванилин Опадрай Сары (OY-S-32917) құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза 5сР - Метоцел E5-LV, (HPMC 2910), E464, титанның қостотығы E171, пропиленгликоль Е1520, HPC-Kлуцел LF Е463, полисорбат 80 Е433, ванилин, FD&C сары #5/тартразин AL Е102 (15%-17%) Е102, FD&C көгілдір #2/ (11-14 %) Е132, темірдің (III) сары тотығы Е172.
Қолданылуы
Ересектердегі келесі сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық ауруларды емдеу: - тыныс жолдары төменгі бөлігінің инфекцияларында (бронхит, пневмония және т.б.) - тыныс жолдары жоғарғы бөлігінің инфекцияларында (фарингит, синусит және т.б.) - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында (фолликулит, эризипелоид, целлюлит және т.б.) Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми ұлттық ұсыныстарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кларитромицинді және келесі препараттардың қандай да болсын біреуін бір мезгілде қолдану: астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид, терфенадин (бұл QT аралықты ұзартуы және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмиясының пайда болуына әкеп соғуы мүмкіндігінен) эрготамин немесе дигидроэрготамин (себебі эргоуыттылыққа әкеп соғуы мүмкін) CYP3P4 арқылы едәуір дәрежеде метаболизденетін ГМК-КоА-редуктаза тежегіштері (ловастатин, симвастатин), рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупіне орай тикагрелор, ивабрадин немесе ранолазин колхицин ішу арқылы қолданылатын мидазоламмен ломитапид - сыртартқысында QT аралығының ұзаруы немесе пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, қарыншалық жүрек аритмиясы бар пациенттер - креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттер (препараттың бұл түрінде дозаны күніне 500 мг төмендету мүмкін болмағандықтан) - электролиттік бұзылулары бар пациенттерге (QT аралығының ұзару қаупіне байланысты гипокалиемия немесе гипомагниемия) - бүйрек жеткіліксіздігімен бір мезгілде жүретін бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
МЕРИСТАТ MR-сановель препаратының әдеттегі ұсынылған дозасы 500 мг-ден (1 таблетка) тәулігіне 1 рет. Инфекцияның ауыр түрлерінде МЕРИСТАТ MR-сановель препаратын тәулігіне бір рет 2 таблеткадан (2х500 мг) қабылдайды. Емнің әдеттегі ұзақтығы 6 күннен 14 күнге дейінді құрайды. Пациенттердің ерекше топтары: Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (КК - 30 мл/мин аз) МЕРИСТАТ MR – сановель препаратын қолдануға болмайды. Орташа дәрежелі бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде (КК - 30-дан 60 мл/мин дейін) препарат дозасын екі есе азайтады, бұл тәулігіне 500 мг астам емес (1 таб.) құрайды. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар егде науқастарда дозаны есептеу керек. 12 жасқа дейінгі балалар: МЕРИСТАТ MR - сановельді 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды, себебі құрамында балалар үшін тыйым салынған бояғыш бар. 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда кларитромициннің педиатриялық суспензиясын пайдалана отырып клиникалық зерттеулер жүргізілді. Демек, 12 жасқа дейінгі балаларға кларитромициннің педиатриялық суспензиясын (ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер) қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.