+4300 бонус

МЕНОПУР 600 МЕ №1 порошок д/приг р-ра

86000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гонадотропин менопаузный
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Ферринг-Лечива, а.с.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде Менопур 600 ХБ белсенді зат –менотропин (адам менопаузалық гонадотропині) құрамында 600 ХБ ФСГ (фолликулостимуляциялаушы гормоны) және 600 ХБ ЛГ (лютеиндеуші гормоны)) Менопур 1200 ХБ белсенді зат - менотропин (адам менопаузалық гонадотропині) құрамында 1200 ХБ ФСГ (фолликулостимуляциялаушы гормоны) және 1200 ХБ ЛГ (лютеиндеуші гормоны) қосымша заттар: лактоза моногидраты, динатрий гидрофосфат гептагидраты, полисорбат 20, фосфор қышқылының 1М ерітіндісі, натрий гидрофосфат гептагидратының 0.5 М ерітіндісі. еріткіш: м-крезол, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Бедеулік кезінде фолликулдардың пісіп жетілуін стимуляциялау. Монофолликулярлы стимуляция - гипо- немесе нормогонадотроптық аменореяда, олигоменореяда - кломифенмен емдеуге сезімтал емес әйелдерде ановуляторлы оралымдарда және лютеин фазасы жеткіліксіз болғанда Мультифолликулярлы стимуляция - қосымша ұрпақ өрбіту технологияларын (ҚҰТ) жүргізген кезде фолликулдардың көптеп өсуін индукциялау мақсатында аналық бездердің бақыланатын суперовуляциясында
Қарсы көрсетілімдер
менотропиндерге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына және еріткіш компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; гипофиз және гипоталамус ісіктері; балалар мен 18 жасқа дейін жасөспірімдер; бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы; аналық без, жатыр немесе сүт безі обыры; жүктілік және емізу кезеңі; түсініксіз этиологиясы бар қынаптан қан кету; кисталардың болуы немесе АПКС-мен байланысты емес аналық бездер көлемінің ұлғаюы; аналық бездер функциясының бастапқы жеткіліксіздігі; жүктілікке қатысты емес жыныс мүшелерінің дамуындағы ауытқулар; жүктілікке қатысты емес жатыр миомасы. Анамнезінде қалқанша безі мен бүйрек үсті безі аурулары, гиперпролактинемия, гипоталамус-гипофиз аймағының ісіктері болған жағдайда,тиісті ем аМГ терапиясы басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.
Дозасы
Менопур препаратымен емдеу тек тиісті маманданған және бедеулікті емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Аналық бездердің гонадотропиндерді енгізуге бірдей реакция бермейтіні анықталды. Осыған байланысты дозалаудың әмбебап схемасын жасау мүмкін емес. Доза аналық бездердің реакциясына қарай жеке таңдалуы керек. Менопур препараты монотерапия түрінде немесе агонистермен немесе гонадотропин-рилизинг-гормон (ГнРГ) антагонистермен біріктірілімде қолданылады. Ұсынылатын дозалар мен терапияның ұзақтығы қолданылатын емдеу режиміне байланысты болады. Ановуляция (соның ішінде АПКС) Менопур препаратымен емдеудің мақсаты-хориондық гонадотропин (аХГ) препараттарын енгізгеннен кейін ооцит бөлінетін бір жетілген фолликуланы дамыту болып табылады. Емдеу әдетте етеккір оралымының алғашқы 7 күнінде басталады. Менопур препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы кем дегенде 7 күн бойы тәулігіне 75-150 ХБ құрайды. Емдеудің кейінгі сызбасы ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері (УДЗ) немесе қан плазмасындағы эстрадиол концентрациясын анықтаумен УДЗ нәтижелерінің жиынтығы негізінде жүргізілетін терапияға аналық бездердің реакциясы бақыланғаннан кейін таңдалады. Аналық без реакциясы болмаған кезде доза аптасына 1 реттен жиі болмайтын 37,5 ХБ (бір енгізу) ұлғаяды, әрбір келесі арттыру 75 ХБ аспауы тиіс. Ең көп тәуліктік доза 225 ХБ аспауы керек. Егер терапевтік реакция 4 апта ішінде болмаса, емдеуді тоқтатып, жаңа циклды жоғары бастапқы дозалардан бастау керек. Менопур препаратының соңғы инъекциясынан кейінгі келесі күні аналық бездер тиісті реакцияға жеткенда овуляцияны индукциялау үшін аХГ-ның 5000-10000 ХБ бір рет енгізіледі. Пациентке аХГ енгізілген күні және келесі күні жыныстық қатынасқа түсу ұсынылады. Балама әдіс ретінде жатырішілік ұрықтандыруды жүргізуге болады. Пациент аХГ енгізілгеннен кейін кемінде 2 апта бойы тұрақты бақылауда болуы тиіс. Менопур препаратын енгізуге аналық бездердің реакциясы шамадан тыс болған кезде терапия курсын тоқтатып, аХГ енгізуден бас тарту керек. Пациентке контрацепцияның тосқауыл әдістерін қолдану немесе етеккір келгенге дейін жыныстық қатынастан бас тарту ұсынылады. ҚҰТ жүргізу кезінде көптеген фолликулалардың өсуін индукциялау мақсатында аналық бездердің бақыланатын гиперстимуляциясы Кері байланыс қағидатына сәйкес ГнРГагонистерін қолдану хаттамасы бойынша Менопур препаратымен емдеуді ГнРГ агонистерімен ем басталғаннан кейін шамамен 2 аптадан кейін тағайындау керек. ГнРГ антагонистерімен бар циклде Менопур препаратын енгізуді етеккір оралымының 2 немесе 3-ші күнінен бастау керек. Менопур препаратының ұсынылатын бастапқы тәуліктік дозасы емдеудің алғашқы 5-ші күнінде 150-225 ХБ құрайды. Емдеудің кейінгі сызбасы ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері (УДЗ) немесе қан плазмасындағы эстрадиол концентрациясын анықтаумен УДЗ нәтижелерінің жиынтығы негізінде жүргізілетін терапияға аналық бездердің реакциясын бақылағаннан кейін таңдалады. Ұсынылатын жоғарылату дозасы 150 ХБ аспауы тиіс. Менопур препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы 450 ХБ аспауы тиіс. Терапияның жалпы ұзақтығы 20 күннен аспауы керек. Менопур препаратының соңғы инъекциясынан кейін аналық бездердің тиімді реакциясына қол жеткізілгенде фолликулалардың түпкілікті жетілуін индукциялау және ооциттердің бөлінуін индукциялау үшін 10000 ХБ дозада бір аХГ инъекциясы тағайындалады. Пациент аХГ енгізілгеннен кейін кемінде 2 апта бойы тұрақты бақылауда болуы керек. Менопур препаратын енгізуге аналық бездердің шамадан тыс реакциясы кезінде терапия курсын тоқтатып, аХГ енгізуден бас тарту керек. Пациентке контрацепцияның тосқауыл әдістерін қолдану немесе етеккір келгенге дейін жыныстық қатынастан бас тарту ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Ерітінді енгізер алдында бірден дайындалады және ұнтақ тиісті еріткішке ерітілгеннен кейін тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізіледі. Дайындалған ерітінді бірнеше рет қолдануға арналған және оны 28 күн сақтауға болады. Менопур препаратын басқа дәрілік заттармен бір шприцте араластыруға жол берілмейді! Ұнтағы бар құтыдан пластик қақпақты шешіп алыңыз. Ерітіндіні дайындау үшін инені еріткіші бар шприцке жалғап, қорғаныс қалпақшасын алып тастаңыз (1,2 сурет). 1. Ақырындап еріткішті құтыға енгізіңіз (3 сурет).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.