+618 бонус

МЕМАНТИН 10мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
12366 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мемантин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: "Казахская фармацевтическая компания "МЕДСЕРВИС ПЛЮС"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 10 мг немесе 20 мг мемантин гидрохлориді (8.31 мг немесе сәйкесінше 16.62 мг мемантинге баламалы) қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты; үлбірлі қабық (10 мг Мемантин таблеткалары): лактоза моногидраты, гипромеллоза (15 сР), титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, тазартылған су; үлбірлі қабық (20 мг Мемантин таблеткалары): лактоза моногидраты, гипромеллоза (15 сР), титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), тазартылған су.
Қолданылуы
орташа және ауыр түрдегі Альцгеймер ауруында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауыр функциясының айқын бұзылуы
Дозасы
Емдеуді дәрігердің бақылауымен бастау және жүргізу керек. Емді пациенттің препаратты қабылдауын бақылайтын қамқоршы немесе медицина қызметкері болған кезде ғана бастау керек. Диагноз қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес анықталуы керек. Мемантиннің төзімділігі мен дозасын емдеу басталғаннан кейін үш ай ішінде жүйелі түрде қайта қарастыру керек. Осыдан кейін мемантинді клиникалық қолдану және пациенттің емделуге жауабы қазіргі клиникалық нұсқауларға сәйкес үнемі бағалануы керек. Емдік пайдасы қолайлы және пациент мемантинмен ем қабылдағанға дейін демеуші емді жалғастыруға болады. Мемантинді қабылдауды тоқтатуды емдік әсері жоқ немесе пациент емге шыдамаған кезде қарастыру керек. Ересектер Ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды. Теріс реакциялардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында демеуші дозаны алғашқы 3 апта ішінде дозаны біртіндеп аптасына 5 мг-ға арттыру жолымен былайша айқындайды: 1-ші апта (1-7 күн): апта бойы тәулігіне 5 мг (10 мг Мемантиннің жарты таблеткасы) қабылдау; 2-ші апта (8-14 күн): апта бойы тәулігіне 10 мг (10 мг Мемантиннің бір таблеткасы немесе 20 мг Мемантиннің жарты таблеткасы) қабылдау; 3-ші апта (15-21 күн): апта бойы тәулігіне 15 мг (10 мг Мемантиннің бір жарым таблеткасы) қабылдау; 4-ші аптадан бастап: күн сайын тәулігіне 20 мг (10 мг Мемантиннің 2 таблет-касынан немесе 20 мг Мемантиннің 1 таблеткасынан) қабылдау. Ұсынылатын демеуші доза тәулігіне 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығын Альцгеймер ауруын диагностикалау мен емдеуде тәжірибесі бар дәрігер жеке анықтайды. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылатын доза жоғарыда көрсетілгендей тәулігіне 20 мг (тәулігіне 1 рет 10 мг Мемантиннің 2 таблеткасы немесе 20 мг Мемантиннің 1 таблеткасы) құрайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) препарат дозасын төмендету талап етілмейді. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) тәуліктік дозаны 10 мг-ға дейін төмендету керек. Егер жағымсыз реакциялар болмаса, кем дегенде 7 күн емдеуден кейін дозаны стандартты схема бойынша тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыруға болады. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 5-29 мл/мин) тәуліктік дозаны 10 мг-ға дейін төмендету керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Жеңіл немесе ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған (Child-Pugh A, B) пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге мемантинді қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолдануға арналған. Препаратты тәулігіне бір рет, күн сайын бір уақытта қолдану керек. Таблеткаларды тамақтануға қарамастан қолдануға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.