+118 бонус

МЕЛОКСИКАМ-ТЕВА 15 мг/1,5 мл №5 амп

2360 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ГРЕЦИЯ
  • Өндіруші: ратиофарм ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың құрамында белсенді зат – 15 мг мелоксикам қосымша заттар: меглюмин, гликофурол, полоксамер 188, натрий хлориді, глицин, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- басқа енгізу жолдары қолайсыз болғанда ревматоидты артрит және шорбуынданатын спондилиттің жедел өршулерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу. Мелоксикам-Тева, инъекцияға арналған ерітіндісі ересектерде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
Бұл медициналық препаратты келесі жағдайларда қолдануға болмайды: әсер етуші затқа немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық әсері ұқсас әсер етуші молекулаларға аса жоғары сезімталдық, мысалы, ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар), ацетилсалицил қышқылы) ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП қолданғаннан кейін анамнезінде демікпе симптомдарының, мұрын қуысы полиптерінің, Квинке ісінуінің немесе есекжемнің болуы анамнездегі алдыңғы ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан-ішек қан кетуі немесе тесілуі қайталамалы пептидті ойық жара/белсенді түрдегі немесе анамнездегі қан кету (ойық жаралану немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын дәлелденген көрінісі) асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлы қан кету немесе анамнездегі басқа қан кетулер бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі гемодиализ жүргізілмейтін бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жүректің ауыр жеткіліксіздігі гемостаз бұзылулары немесе антикоагулянттармен қатарлас емдеу (бұлшықет ішіне енгізумен байланысты қарсы көрсетілімдер) проктит және анамнезінде тік ішектен қан кету
Дозасы
15 мг 1 ампула күніне бір рет, бұлшықет ішіне. Күніне 15 мг ДОЗАДАН АСЫРМАУ КЕРЕК. Емдеу әдетте айрықша жағдайларда (мысалы, енгізудің басқа тәсілдерін пайдалану мүмкін болмаған кезде) ең жоғары ұзақтығы 2-ден 3 күнге дейінгі емнің басында бір реттік инъекциямен шектеледі. Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа емдеу кезеңі ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады (4.4 бөлімін қараңыз). Пациенттің симптомдардың ауырлығын азайту қажеттілігін және оның емдеуге реакциясын мезгіл-мезгіл бағалау керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер және жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғары санатындағы пациенттер Егде жастағы адамдар үшін ұсынылған доза күніне 7,5 мг. Жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғары санатындағы пациенттер үшін емдеу 7.5 мг дозада (15 мг-ден 1/2 ампула) жүргізіледі. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған, гемодиализден өтетін пациенттер үшін доза күніне 7,5 мг (15 мг-ден 1/2 ампула) аспауы тиіс. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежесі бұзылған пациенттер үшін дозаны төмендетудің қажеті жоқ (мысалы, креатинин клиренсі 25 мл/мин асатын пациенттер). Диализсіз, бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясының жеңілден орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде дозаны азайту қажет емес. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препарат қарсы көрсетілімді. Бала жасындағы пациенттер Мелоксикам-Тева 15 мг/1,5 мл, инъекцияға арналған ерітінді препаратын 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Инъекция асептика қағидаларын қадағалай отырып жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына терең және баяу енгізіледі. Қайта енгізгенде инъекция орнын жамбастың сол жақ пен оң жақты кезектестірумен өзгерту ұсынылады. Енгізу алдында ине ұшының қан тамырына түспегеніне көз жеткізу қажет. Инъекция кезінде қатты ауырған жағдайда, дереу енгізу емшарасын тоқтату керек. Пациентте ұршықбуын протезі болған жағдайда, инъекцияны екінші жағына енгізу қажет. Емдеу ұзақтығы Емдеу әдетте бір инъекциямен шектеледі, ең жоғары емдеу ұзақтығы айрықша жағдайларда 2-3 күн (мысалы, пероральді немесе ректальді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда). Емдеуді жалғастыру үшін пероральді енгізу жолын (таблеткалар) пайдалану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.