+32 бонус

МЕЛОКСИКАМ-ЛФ 15мг №20 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: СООО "Лекфарм"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - мелоксикам 7.5 мг немесе 15.0 мг; қосымша заттар: магний стеараты, натрий цитраты, повидон (К25), кроспидон (В типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты
Қолданылуы
- Остеоартроз өршуін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу; - ревматоидты артритті немесе шорбуынданатын спондилитті ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу. Мелоксикам-ЛФ ересектер мен 16 жастан асқан балаларға тағайындалады.
Қарсы көрсетілімдер
Препарат келесі жағдайларда қарсы көрсетілімде: - белсенді затқа немесе қандай да бір қосымша затқа аса жоғары сезімталдық; - жүктіліктің үшінші триместрі; - балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер; - әсері ұқсас заттарға, мысалы, ацетилсалицил қышқылын қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (ҚҚСД) аса жоғары сезімталдық. Мелоксикамды ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСД енгізгеннен кейін бронх демікпесінің симптомдары, мұрын қуысының шырышты полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем байқалған пациенттерге тағайындауға болмайды; - алдыңғы ҚҚСД емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе АІЖ (асқазан-ішек жолы) тесілуі; - АІЖ ойық жарасының/қан кетуінің белсенді фазасы немесе қайталанатын ағымы (ойық жараның немесе қан кетудің болуы расталған екі немесе одан да көп жекелеген эпизодтар); - бауыр функциясының ауыр бұзылуы; - диализ жүргізілмейтін бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; - асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлық қан кету немесе анамнездегі қан ұюының басқа бұзылулары; - жүректің айқын жеткіліксіздігі.
Дозасы
Препараттың тәуліктік дозасын бір рет қабылдау керек. Жағымсыз әсерлердің дамуы симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозаны қолданғанда барынша азайтылуы мүмкін. Симптомдарды жеңілдету және емге жауап беру үшін пациентте, әсіресе остеоартритпен ауыратын пациенттерде препаратты қолдану қажеттілігін бағалауды кезең-кезеңімен жүргізген жөн • Остеоартроздың өршуі: тәулігіне 7.5 мг (7.5 мг бір таблетка немесе 15 мг жарты таблетка). Жақсару болмағанда қажет болғанда дозасы тәулігіне 15 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін (7.5 мг екі таблетка немесе 15 мг 1 таблетка). • Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит: тәулігіне 15 мг (7.5 мг екі таблетка немесе 15 мг 1 таблетка). Емге жауаптың айқындылығына байланысты дозаны тәулігіне 7.5 мг дейін төмендетуге болады (бір таблетка 7.5 мг немесе 15 мг жарты таблеткасы). Дозаны тәулігіне 15 мг асырмаңыз. Пациенттердің ерекше топтары Егде пациенттер Ревматоидты артритке немесе шорбуынданатын спондилитке шалдыққан егде пациенттерді ұзақ емдегенде ұсынылатын доза тәулігіне 7.5 мг құрайды. Жағымсыз реакциялар қаупі жоғары пациенттер Жағымсыз реакциялардың, мысалы, анамнездегі асқазан-ішек ауруы немесе жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторларының жоғары қаупі бар пациенттерде емдеуді тәулігіне 7.5 мг дозадан бастаған жөн. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бұл дәрілік затты диализ жүргізілмейтін бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі терминальді сатыдағы пациенттерде тәулігіне 7.5 мг дозадан аспауға тиіс. Бүйрек функциясы жеңіл және орташа бұзылған (яғни креатинин клиренсі 25 мл/мин артық пациенттерде) пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Балалар мен жасөспірімдер Мелоксикам-ЛФ дәрілік заты 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілімде.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.