+29 бонус

МЕЛОКСИКАМ 7,5 мг №20 таб

580 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: БЕЛАРУСЬ
  • Өндіруші: ОАО «Борисовский завод медицинских препаратов»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 7.5 мг немесе 15 мг мелоксикам; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий цитраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон, кросповидон, магний стеараты, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
остеоартроз өршуін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу ревматоидты артритті, шорбуынданатын спондилоартритті симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
мелоксикамға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар анамнездегі ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП бірге пайдалану кезінде демікпе, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем белгілері коронарлық артерияны шунттауға арналған трансплантат (КАШТ) орнатылған аумақта операция кезіндегі ауырсыну өршу фазасындағы, оның ішінде анамнездегі асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының эрозиялық-ойық жаралы өзгерістері/тесілуі таяуда өткерілген ішектің жедел қабыну аурулары (өршу фазасындағы спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (егер гемодиализ жүргізілмесе) асқазан-ішек ойық жарасынан қан кету, таяуда өткерілген цереброваскулярлы қан кету немесе басқа геморрагиялық аурулар, оның ішінде анамнезде декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі жүктілік, бала емізу 16 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Емдеу ұзақтығымен және дозаны арттырумен байланысты жағымсыз құбылыстар дамуын болдырмау үшін, мүмкіндігінше, емдеу ұзақтығын және ең төмен тәуліктік дозаны азайту керек. Остеоартроз кезіндегі өршу: Тәулігіне 7.5 мг. Қажет болса, дозаны тәулігіне 15 мг дейін арттыруға болады. Ревматоидты артрит және шорбуынданатын спондилоартрит Тәулігіне 15 мг. Емдік реакциясына қарай, дозаны тәулігіне 7.5 мг дейін азайтуға болады. Ең жоғары тәуліктік доза 15 мг-ден аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары: Егде жастағы пациенттерде және жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары, мысалы, анамнезінде асқазан-ішек аурулары немесе жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары бар пациенттерде ревматоидты артрит немесе шорбуынданатын спондилоартритті ұзақ уақыт емдеу кезінде ұсынылған доза күніне 7.5 мг-ден аспауы тиіс. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттерде де бастапқы доза 7.5 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде. Гемодиализде жүрген, терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тәуліктік доза 7.5 мг-ден аспауы тиіс. Жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар тұлғаларда (қалып шегінен, көп дегенде, 25 мл/минут төмендеген креатинин клиренсінде түзету және дозалау режимін өзгерту қажет емес). Гемодиализ жүргізілмейтін, бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесіндегі пациенттерде мелоксикам қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр функциясының шектеулері бар пациенттерде дозаны төмендету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуларында «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз. Балалар және жасөспірімдер. Мелоксикам, 7.5 мг және 15 мг таблеткалары 16 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерде қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі және жолы Ішке, күніне бір рет, ас ішу кезінде, бір стақан сумен немесе басқа сұйықтықпен іше отырып.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.