+114 бонус

МЕЛОКСИКАМ 15мг/1,5мл №5 амп ХФЗ

2290 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат - 15 мг мелоксикам, қосымша заттар: меглумин, гликофурол, полоксамер, глицин, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектерде пероральді және ректальді қолдану жолдарын қолдануға мүмкіндік болмағанда, ревматоидтық артриттің және шорбуынданатын спондилиттің (Бехтерев ауруы) жедел ұстамаларының қысқа мерзімді симптоматикалық емі үшін
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық ықпалы ұқсас, әсер етуші молекулаларға, мысалы, ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар), ацетилсалицил қышқылына аса жоғары сезімталдық. Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдағаннан кейін демікпенің, мұрын қуысының полиптерінің, Квинке ісінуінің немесе есекжемнің белгілері пайда болған пациенттерге мелоксикамды тағайындамау керек. анамнездегі, ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетулер немесе гастроинтестинальді перфорация белсенді немесе жуырда бастан өткерген, асқазанның, он екі елі ішектің ойық жарасы немесе анамнездегі қайталанатын қан кету (2 немесе одан көп жекелеген, құжат жүзінде расталған қан кету немесе ойық жара көрінісі) анамнездегі гастроинтестинальді қан кетулер, миішілік қан құйылулар немесе қан ұюының басқа бұзылулары ауыр бауыр-жасушалық жеткіліксіздігі бүйректің гемодиализ жүргізілмейтін ауыр жеткіліксіздігі жүректің ауыр жеткіліксіздігі гемостаз бұзылуы немесе антикоагулянттармен жүргізілетін ем (бұлшықет ішіне енгізумен байланысты қарсы көрсетілімдер) жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Тәулігіне 1 рет 15 мг 1 ампуладан Тәулігіне 15 мг ДОЗАСЫН АСЫРМАУ КЕРЕК. Емдеу әдетте, емнің басындағы, жекелеген жағдайларда (мысалы, енгізудің басқа жолдарын пайдалануға мүмкіндік болмаған кезде) ең көп ұзақтығы 2 күннен 3 күнге дейін созылатын бір инъекциямен шектеледі. Барынша төмен дозасын симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа емдеу мерзімінде қолдана отырып, жағымсыз реакциялардың туындауын азайтуға болады. Симптоматикалық емдеу қажеттілігін және оның пациент үшін терапиялық тиімділігін жүйелі түрде бағалап отыру қажет. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдар үшін ұсынылатын дозасы тәулігіне 7,5 мг құрайды (15 мг ампуланың 1/2). Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары, мысалы анамнезінде асқазан-ішек жолының патологиялары болған немесе жүрек-қантамыр патологияларының қауіп факторлары бар пациенттерде, емдеуді тәулігіне 7,5 мг дозасынан бастау керек (15 мг ампуланың 1/2). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бұл препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар, гемодиализ жүргізілмейтін пациенттерге қолдануға болмайды . Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы, гемодиализ жүргізілетін пациенттерде дозасы тәулігіне 7,5 мг (15 мг ампуланың 1/2) аспауы тиіс. Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде (яғни, креатинин клиренсі минутына 25 мл артық) дозасын төмендету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде дозасын төмендету қажет емес. Балалар Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Мелоксикам препаратын, 15 мг/1.5 мл, инъекцияға арналған ерітіндісін қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Мелоксикам, 15 мг/1.5 мл, инъекцияға арналған ерітіндіні асептика ережелерін сақтай отырып, бөксенің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықет ішіне терең, баяу енгізу керек. Қайта енгізген жағдайда инъекцияларды сол және оң жаққа кезек ауыстырып жүргізу ұсынылады. Енгізер алдында, иненің ұшы қантамырда тұрмағандығына көз жеткізу үшін аспирация жүргізу маңызды. Инъекция кезінде қатты ауырсыну болған жағдайда, енгізу дереу тоқтатылуы керек. Ұршық буынының протезі болған жағдайда инъекцияны келесі жағынан енгізу қажет. Емдеуді жалғастыру үшін пероральді қолдану тәсілін (таблеткаларды) пайдалану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.