МЕЛОКСИКАМ 10 мг/1,5 мл №5 амп

1600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО «Б-ФАРМ»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат – мелоксикам 10.0 мг, қосымша заттар: тетрагидрофурфурил макрогол, полоксамер 188, меглюмин, глицин, натрий хлориді, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектердегі қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: басқа енгізу жолдары қолайсыз болғанда ревматоидты артрит және шорбуынданатын спондилиттің жедел өршулерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жүктіліктің үшінші триместрі («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз); балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; әсер етуі ұқсас заттарға, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), аспиринге аса жоғары сезімталдық. Мелоксикам препаратты аспирин немесе басқа ҚҚСП қабылдаудан кейін демікпе симптомдары, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем пайда болған пациенттерге қолдануға болмайды; анамнездегі алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетуі немесе тесілуі; қайталамалы пептидті ойық жара/белсенді түрдегі немесе анамнездегі қан кету (ойық жаралану немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын дәлелденген көрінісі); бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; гемодиализ жүргізілмейтін бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлы қан кету немесе анамнездегі басқа қан кетулер; гемостаз бұзылулары немесе антикоагулянттармен қатарлас емдеу (қарсы көрсетілімі енгізу жолына байланысты); жүректің ауыр жеткіліксіздігі.
Дозасы
Тәулігіне бір рет 15 мг бір инъекция. Тәулігіне 15 мг ДОЗАДАН АСЫРМАУ КЕРЕК. Емдеу, әдетте, емнің басында бір инъекциямен шектелуі тиіс; ал айрықша негізделген жағдайларда емдеу ұзақтығын 2-3 күннен артық созбауға болады (мысалы, препараттың басқа енгізу тәсілдері мүмкін болмағанда). Жағымсыз реакцияларын симптомдарды бақылауға қажетті қысқа емдеу кезеңінің ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы барынша азайтуға болады. Пациенттің симптомдар айқындылығын азайту қажеттілігін және оның емдеуге жауабын мезгіл-мезгіл бағалау керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 7,5 мг (1,5 мл ампуланың жартысы) құрайды. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары, мысалы, асқазан-ішек аурулары немесе жүрек-қантамыр ауруларына тән қауіп факторлары бар пациенттерде емдеуді тәулігіне 7,5 мг дозадан (1,5 мл ампуланың жартысы) бастау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Мелоксикам препараты гемодиализ жүргізілмейтін бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Гемодиализде жүрген бүйректің терминалдық жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза тәулігіне 7,5 мг-ден (1,5 мл ампуланың жартысы) аспауы тиіс. Жеңіл және орташа ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар (атап айтқанда, креатинин клиренсі 25 мл/минуттан астам) пациенттерге дозаны төмендету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының мардымсыз немесе орташа төмендеуінде дозаны төмендету қажет емес. Балалар Мелоксикам препараты балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне енгізу үшін. Мелоксикам препаратын енгізу асептика қағидаларын қадағалай отырып, бөксенің жоғарғы сыртқы шаршысына терең бұлшықетішілік инъекциялар салумен жүзеге асады. Қайта енгізілген жағдайда сол жақ пен оң жақты кезектестіруге кеңес беріледі. Инъекция алдында ине ұшының қан тамырына түспегеніне көз жеткізу қажет. Препаратты енгізу кезінде қатты ауырсыну болған жағдайда инъекцияны дереу тоқтату қажет. Егер ұршық буындарының бірі протезделген болса, препаратты басқа жағынан енгізу керек. Емдеуді жалғастыру үшін пероральді енгізу жолын (таблеткалар) пайдалану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.