МЕЛОФЛЕКС р-р для в/м введ. 15 мг 1,5 мл №5 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
3190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде: белсенді зат - мелоксикам 15.0 мг, қосымша заттар: меглюмин, гликофурол, полоксамер 188, глицин, натрий хлориді, натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Мелофлекс Ромфарм ересектерге тағайындалады - ревматоидты артрит пен анкилозды спондилиттің өршуін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу, басқа қолдану жолдарын пайдалану мүмкін болмаған кезде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктіліктің үшінші триместрі, лактация кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - әсер етуі ұқсас заттарға, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), аспиринге аса жоғары сезімталдық. Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдағаннан кейін демікпе симптомдары, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем пайда болған пациенттерге мелоксикамды қолдануға болмайды. - алдында ҚҚСП-мен жүргізілген ем нәтижесінде анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу - белсенді түрдегі немесе анамнезіндегі қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (ойық жара немесе қан кетудің екі немесе одан да көп айқын дәлелденген көріністеулері) - ауыр бауыр-жасуша жеткіліксіздігі - гемодиализсіз бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - асқазан-ішектен қан кету, анамнезіндегі цереброваскулярлық қан кету немесе қан ұюының басқа да бұзылулары - гемостаздың бұзылуы немесе антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу (бұлшықет ішіне енгізумен байланысты қарсы көрсетілім) - жүректің ауыр жеткіліксіздігі.
Дозасы
Тәулігіне 15 мг (1 ампула) бір дозадан. Тәулігіне 15 мг дозаны арттырмаңыз. Жағымсыз реакциялар симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны пайдаланған кезде мейлінше азайтылуы мүмкін («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Симптоматикалық емнің қажеттілігі мен пациент үшін оның емдік тиімділігін мезгіл-мезгіл қайта бағалау керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 7.5 мг (ампуланың жартысы 1.5 мл) құрайды. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары, мысалы, анамнезінде асқазан-ішек аурулары немесе жүрек-қантамыр патологиясының қауіп факторлары бар пациенттерде емдеуді тәулігіне 7.5 мг дозадан (1.5 мл-ден ампуланың жартысы) бастаған жөн. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Гемодиализсіз бүйректің ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер үшін Мелофлекс Ромфарм препараты қарсы көрсетілімді болып табылады. Гемодиализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар пациенттер үшін доза тәулігіне 7.5 мг (ампуланың жартысы 1.5 мл) аспауы тиіс. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігіне шалдыққан (мысалы, креатинин клиренсі 25 мл/мин асатын пациенттер үшін) пациенттер үшін дозаны азайтудың қажеті жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны азайтудың қажеті жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Препарат қатаң асептикалық әдістерді қолдана отырып, бөксенің сыртқы жоғарғы квадрантына терең бұлшықетішілік инъекция арқылы баяу енгізіледі. Қайталап енгізген жағдайда, оң және сол жағына кезектестіріп енгізу ұсынылады. Иненің ұшы қантамырға енбегеніне көз жеткізу үшін, инъекция алдында аспирацияны орындау маңызды. Егер пациент енгізу кезінде қатты ауырсынуды сезінсе, енгізуді дереу тоқтату қажет. Егер ұршықбуындардың біріне протез тағылған болса, препаратты қарама-қарсы бағытта енгізу керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу айрықша жағдайларда (мысалы, препаратты қолданудың басқа тәсілдері мүмкін болмағанда) анағұрлым көп ұзақтығы 2-ден 3 күнге дейін ем басында күніне бір инъекциямен шектелуі тиіс. Емдеуді жалғастыру үшін пероральді енгізу жолын (таблеткалар) пайдалану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.