+58 бонус

МЕЛБЕК 1,5 мл №3 амп

1160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 ампуланың ішінде: белсенді зат – 15.00 мг мелоксикам қосымша заттар: меглумин, гликофурол, полоксамер 188, глицин, натрий хлориді, натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі немесе 1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Мелбек® бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндісі, ересектерге ревматоидты артрит және шорбуынданатын спондилиттің жедел өршулерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу кезінде, басқа енгізу жолдары қолайсыз болғанда көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- мелоксикамға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; - жүктіліктің үшінші триместрі («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз); - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; - әсер етуі ұқсас заттарға, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), аспиринге аса жоғары сезімталдық. Мелоксикамды аспирин немесе басқа ҚҚСП қабылдаудан кейін демікпе симптомдары, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем пайда болған пациенттерге қолдануға болмайды; - анамнездегі алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішек қан кетуі немесе тесілуі; - қайталамалы пептидті ойық жара/белсенді түрдегі немесе анамнездегі қан кету (ойық жаралану немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын дәлелденген көрінісі); - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - гемодиализ жүргізілмейтін бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; - асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлы қан кету немесе анамнездегі басқа қан кетулер; - гемостаз бұзылулары немесе антикоагулянттармен қатарлас емдеу (қарсы көрсетілімі енгізу жолына байланысты); - жүректің ауыр жеткіліксіздігі.
Дозасы
Тәулігіне бір рет 15 мг бір инъекция. 15 мг/тәулік ДОЗАДАН АСЫРМАУ КЕРЕК. Емдеу, әдетте, емнің басында бір инъекциямен шектелуі тиіс; айрықша негізделген жағдайларда емдеу ұзақтығын 2-3 күннен артық созбауға болады (мысалы, препараттың басқа енгізу тәсілдері мүмкін болмағанда). Жағымсыз реакцияларын симптомдарды бақылауға қажетті қысқа емдеу кезеңінің ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы барынша азайтуға болады. Пациенттің симптомдар айқындылығын азайту қажеттілігін және оның емдеуге жауабын мезгіл-мезгіл бағалау керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 7,5 мг (1,5 мл ампуланың жартысы) құрайды. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары, мысалы, асқазан-ішек аурулары немесе жүрек-қантамыр ауруларына тән қауіп факторлары бар пациенттерде емдеуді 7,5 мг/тәулік дозадан (1,5 мл ампуланың жартысы) бастау керек. Бүйрек функциясының бұзылуы Мелбек® препараты гемодиализ жүргізілмейтін бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Гемодиализде жүрген терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза тәулігіне 7,5 мг-ден (1,5 мл ампуланың жартысы) аспауы тиіс. Бауырдың жеңіл және орташа ауыр жеткіліксіздігі бар (атап айтқанда, креатинин клиренсі 25 мл/минуттан астам) пациенттерге дозаны төмендету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясының мардымсыз немесе орташа төмендеуінде дозаны төмендету қажет емес. Балалар Мелбек®, бұлшықет ішіне енгізуге арналған 15 мг/1,5 мл ерітіндісі балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне енгізу үшін. Мелбек®, бұлшықет ішіне енгізуге арналған 15 мг/1,5 мл ерітіндісін енгізу асептика қағидаларын қадағалай отырып, бөксенің жоғарғы сыртқы шаршысына терең бұлшықетішілік инъекциялар салумен жүзеге асады. Қайта енгізілген жағдайда сол жақ пен оң жақты кезектестіруге кеңес беріледі. Инъекция алдында ине ұшының қан тамырына түспегеніне көз жеткізу қажет. Препаратты енгізу кезінде қатты ауырсыну болған жағдайда инъекцияны дереу тоқтату қажет. Егер ұршық буындарының бірі протезделген болса, препаратты басқа жағынан енгізу керек. Емдеуді жалғастыру үшін пероральді енгізу жолын (таблеткалар) пайдалану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.