+166 бонус

МЕКСИДОЛ 5% 5 мл №5 амп

3320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ФКП "Армавирская биофабрика"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат - этилметилгидроксипиридин сукцинаты -50 мг, қосымша заттар: натрий метабисульфиті, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
ми қанайналымының жедел бұзылуларында бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарында дисциркуляторлы энцефалопатияда созылмалы ми ишемиясында вегетативті дистония синдромында жеңіл (орташа) когнитивті бұзылыстарда невроздық және невроз тәрізді жағдайдағы үрейлі бұзылыстарда жедел миокард инфарктінде (бірінші тәуліктен бастап) кешенді ем құрамында әр түрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында невроз тәрізді және вегетативті-қантамырлық бұзылыстар басым болатын алкоголизм кезіндегі абстиненттік синдромды басуда психозға қарсы дәрілермен жедел уыттанғанда іш қуысының жедел іріңді-қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) кешенді ем құрамында
Қарсы көрсетілімдер
- этилметилгидроксипиридин сукцинатына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бүйректің жедел жеткіліксіздігі - бауырдың жедел жеткіліксіздігі - жүктілік, бала емізу (препараттың әсерін зерттеудің жеткіліксіздігіне байланысты) - 18 жасқа дейінгі балалық жас (препараттың әсерін зерттеудің жеткіліксіздігіне байланысты).
Дозасы
Ересектер: ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг-дан аспауы тиіс. Қолдану сызбасы ауруға байланысты. Ми қан айналымының жедел бұзылуларында Мексидол® алғашқы 10-14 күнде қолданылады - вена ішіне тамшылатып 200 - 500 мг тәулігіне 2 - 4 рет, содан кейін бұлшықет ішіне 200 - 250 мг тәулігіне 2-3 рет 2 апта бойы, содан кейін пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға ауысу ұсынылады. Бассүйек-ми жарақаты және бассүйек-ми жарақатының салдарында Мексидол® вена ішіне тамшылатып 200 - 500 мг-ден тәулігіне 2 - 4 рет 10 - 15 күн бойы қолданылады, содан кейін пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға ауысу ұсынылады. Дисциркуляторлы энцефалопатияның қалпына келмейтін фазасында Мексидол® вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып 200-500 мг дозада тәулігіне 1 - 2 рет 14 күн бойы тағайындалғаны жөн. Содан соң бұлшықет ішіне тәулігіне 100 - 250 мг-ден кейінгі 2 апта бойы, содан кейін пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға ауысу ұсынылады. Дисциркуляторлы энцефалопатияның курстық профилактикасы үшін Мексидол® бұлшықет ішіне 200 - 250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10 - 14 күн бойы енгізіледі, содан кейін пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға ауысу ұсынылады. Созылмалы ми ишемиясында Мексидол тәулігіне 1 рет 10 мл-ден (500 мг) вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне баяу сорғалатып 14 күн бойы енгізуге тағайындалуы керек, содан кейін пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға ауысу ұсынылады. Жеңіл (орташа) когнитивті бұзылуларда Мексидол тәулігіне 1 рет 10 мл-ден (500 мг) вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне баяу сорғалатып 14 күн бойы енгізуге тағайындалуы керек, содан кейін пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға ауысу ұсынылады. Мазасыздық бұзылыстарында Мексидол® бұлшықет ішіне 100 -300 мг тәуліктік дозада 14 - 30 күн бойы қолданылады, содан кейін пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға ауысу ұсынылады. Жедел миокард инфарктісінде кешенді ем құрамында Мексидол® нитраттар, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ), тромболитиктер, антикоагулянтты және антиагрегантты дәрілер, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша симптоматикалық дәрілерді қамтитын миокард инфарктісін дәстүрлі емдеу аясында вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 14 тәулік бойы енгізіледі. Алғашқы 5 тәулікте ең жоғары әсеріне қол жеткізу үшін Мексидол® мүмкіндігінше вена ішіне енгізілгені дұрыс, одан кейінгі 9 тәулікте Мексидол® бұлшықет ішіне енгізілуіне болады. Мексидол® 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % декстроза ерітіндісінде (глюкоза) 30 -90 мин бойы 100 - 150 мл көлемінде вена ішіне тамшылатып, баяу (жағымсыз әсерлерін болдырмас үшін) енгізіледі. Қажет болғанда Мексидол® ұзақтығы кем дегенде 5 минут болатындай, баяу сорғалатып енгізілуі мүмкін. Мексидол® (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне) тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын енгізіледі. Тәуліктік емдік дозасы дене салмағының әр кг тәулігіне 6-9 мг, бір реттік доза – дене салмағының әр кг 2-3 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг, бір реттік доза - 250 мг аспауы тиіс. Әр түрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында Мексидол® бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг-ден, тәулігіне 1-3 рет 14 күн бойы енгізіледі. Абстиненттік алкогольдік синдромда Мексидол® 200-500 мг дозада вена ішіне тамшылатып немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 5-7 күн бойы енгізіледі. Психозға қарсы дәрілермен жедел уыттанғанда Мексидол® вена ішіне тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізіледі. Іш қуысының жедел іріңді–қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) Мексидол® операцияның алдындағы және операциядан кейінгі тәуліктерде тағайындалады. Енгізілетін дозалар аурудың түріне және ауырлығына қарай, үдерістің таралғандығына, клиникалық ағымының нұсқаларына байланысты болады. Мексидол® тоқтатылуы біртіндеп, тек тұрақты клиникалық-зертханалық оң әсерден кейін ғана жүргізілуі тиіс. Жедел ісінумен (интерстициялық) панкреатитте Мексидол® 200-500 мг-ден күніне 3 рет, вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне тағайындалады. Жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы некроздық панкреатит – 100-200 мг-ден күніне 3 рет вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне. Ауырлығы орташа дәрежеде – 200 мг-ден күніне 3 рет, вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) тағайындалады. Ауыр түрінде – алғашқы тәулікте 800 мг пульс-дозалануда, екі рет енгізу режимінде; бұдан әрі тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, 200-500 мг-ден күніне 2 рет. Өте ауыр түрінде – бастапқы дозалауда панкреатогенді шоктың байқалуы тұрақты басылғанға дейін тәулігіне 800 мг-ден, жағдай қалыптанған соң 300-500 мг-ден күніне 2 рет тәуліктік дозалауды біртіндеп төмендете отырып, вена ішіне тамшылатып (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде) енгізеді. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып). Мексидол® сорғалатып баяу 5-7 минут бойы, тамшылатып – минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен енгізіледі. Инфузиялық енгізу әдісімен препаратты 100-150 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде сұйылту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.