+233 бонус

МЕДУЛАК-WM 667мг/мл 250мл сироп

4660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лактулоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 667 мг сұйық лактулоза Препарат құрамында қосымша заттар жоқ, бірақ құрамында қанттың өндірістік (мысалы, лактоза, галактоза, фруктоза) қоспасы болуы мүмкін.
Қолданылуы
іш қатуда (жуан ішектің физиологиялық ырғағын реттеу) медициналық мақсатта нәжістің жұмсаруын қажет ететін жағдайларда (геморрой, жуан ішекке және перианальды аумаққа жасалған операциядан кейінгі жағдайлар) бауыр энцефалопатиясында (бауыр комасын немесе прекомасын емдеу және профилактикасы)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық галактоземия ішектің бітелуі, асқазан-ішек жолының тесілуі немесе тесілу қаупі - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Іш қатуларды емдеу және медициналық мақсатта нәжісті жұмсарту үшін Медулак-WM препаратының тәуліктік дозасын бір рет қабылдауға немесе екі қабылдауға бөлуге болады. Емді бастағаннан кейін бірнеше күннен соң бастапқы доза емдік әсеріне байланысты демеуші дозаға дейін түзетілуі керек. Емдік әсерінің дамуына 2-3 күн қажет болуы мүмкін. Жасы Бастапқы доза, күніне Демеуші доза, күніне Ересектер мен жасөспірімдер 15-45 мл (10-30 г лактулоза) 15-30 мл (10-20 г лактулоза) 7-14 жастағы балалар 15 мл (10 г лактулоза) 10-15 мл (7-10 г лактулоза) 1-6 жастағы балалар 5-10 мл (3-7 г лактулоза) 5-10 мл (3-7 г лактулоза) 1 жасқа дейінгі сәбилер 5 мл дейін (3 г лактулозаға дейін) 5 мл дейін (3 г лактулозаға дейін) Бауыр комасы мен прекомасын емдеуде (тек ересектерге арналған): Бастапқы доза 30-45 мл-ден күніне 3-4 рет. Бұл доза күніне 2-3 рет жұмсақ нәжіс жүретіндей демеуші дозаға дейін түзетілуі керек. Нәжістің қышқылдығы рН 5.0-5.5 аралығында болуы ұсынылады. Бауыр энцефалопатиясы бар балалар Бауыр комасы және прекомасы бар балаларға (18 жасқа дейінгі) препаратты қолдану қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозалау бойынша арнайы ұсынымдар жоқ, себебі лактулозаның жүйелі әсері шамалы. Енгізу әдісі және жолы Ішуге арналған. Құтылардағы Медулак-WM препаратын қабылдау кезінде өлшеуіш қалпақшаны пайдалануға болады. Балалар Бауыр комасы және прекомасы бар балаларда (0-18 жас) препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозалануына қатысты арнайы ұсыныстар жоқ, өйткені лактулозаның жүйелі әсері  мардымсыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.