МЕДРОЛГИН 30 мг/мл №5 ампул

2710 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампула препараттың құрамында белсенді зат - 30 мг кеторолак трометамолы, қосымша заттар: динатрий эдетаты, 96% этанол, натрий хлориді, натрий гидроксиді, натрий гидроксидінің 10% ерітіндісі немесе 10% хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- операциядан кейінгі орташа немесе едәуір айқын ауырсыну синдромын қысқа мерзімді емдеу үшін. Медролгинмен емдеу тек  стационар жағдайларында ғана жүргізілуі қажет. Емдеудің ең көп ұзақтығы екі тәуліктен аспауы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерге (ҚҚСД) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе аллергиялық реакциялардың басқа типтері, соның ішінде, анамнездегі ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа ҚҚСД-ға ауыр анафилаксиялық реакциялар - бронх демікпесі - балаларға (16 жастан кіші) - жедел пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кетулер, анамнездегі ойық жара немесе перфорация жағдайлары - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары (қан плазмасындағы креатинин концентрациясы ˃160 мкмоль/л) - соның аясында айналымдағы қан көлемі (АҚК) төмендеуі немесе сусыздану дамуы мүмкін жағдайлар, бұл бүйрек жеткіліксіздігінің туындау қаупімен байланысты - жүктілік, босану және бала емізу кезеңі - цереброваскулярлық қан кету (белсенді немесе ықтимал) - геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылулары - қан кетулер немесе гемостаз жүйесіндегі бұзылулардың туындау қаупі жоғары болатын хирургиялық араласымдардан өткеннен кейінгі кезең - антикоагулянттармен, оның ішінде варфаринмен және гепаринмен төмен дозаларда емдеу (әр 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) - 2 типті циклооксигеназаның (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, АСҚ-мен немесе басқа ҚҚСД-мен емдеу - окспентифиллинді бір мезгілде қолдану - пробенецидті немесе құрамында литий бар препараттарды бір мезгілде қолдану - мұрын полиптерін, ангионевроздық ісінуді немесе бронх түйілуін қамтитын толық немесе ішінара синдромдар кешені.
Дозасы
Дозалану режимі Ересек пациенттер Кеторолак трометамолының ұсынылатын алғашқы дозасы 10 мг құрайды, кейіннен, қажет болса, дәрілік затты 4-6 сағат аралықпен 10-30 мг дозаларда қолдану керек. Операциядан кейінгі бастапқы кезеңде, қажеттілігіне қарай, препаратты әр 2 сағат сайын енгізуге болады. Медролгинді ең төменгі тиімді дозасында қолдану керек. Ересек пациенттерде кеторолак трометамолының жалпы тәуліктік дозасы 90 мг-ден аспауы керек, егде жастағы пациенттерде, бүйрек функциясы бұзылған немесе дене салмағы 50 кг-ден аз пациенттерде ол 60 мг-ден аспауы тиіс. Медролгинмен емдеудің ең көп ұзақтығы екі тәуліктен аспауы тиіс. Дене салмағы 50 кг-ден аз пациенттерде препарат дозасын төмендету қажет. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде кеторолак трометамолын қолданудан туындаған жағымсыз реакциялар салдарынан дамуы мүмкін ауыр асқынулардың туындау қаупі артады. Дәрілік затты қолдану қажет болған жағдайда оны ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозада қолдану керек. Медролгинмен емдеу кезінде пациенттерге асқазан-ішектен қан кетудің дамуының бар-жоқтығына жүйелі мониторинг жүргізу қажет. Осы санаттағы пациенттерде кеторолак трометамолының жалпы тәуліктік дозасы тәулігіне 60 мг аспауы тиіс. Балалар Балаларда кеторолак трометамолын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан 16 жасқа толмаған пациенттерде Медролгинді қолдану ұсынылмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Медролгинді бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерде қолдануға болмайды, қалған жағдайларда бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасын төмендету қажет (тәулігіне 60 мг асырмай). Енгізу әдісі мен жолы Медролгин бұлшықет ішіне (б/і) немесе вена ішіне (в/і) болюстік енгізуге арналған. Болюстік в/і енгізу ұзақтығы 15 секундтан кем болмауы тиіс. Медролгин эпидуральді және интраспинальді енгізуге арналмаған. В/і және б/і енгізгеннен кейін препараттың ауыруды басатын әсері шамамен 30 минуттан соң дамиды, 1-2 сағаттан соң өзінің ең жоғарғы мәніне жетеді, оның ұзақтығы орта есеппен 4-6 сағатты құрайды. Медролгиннің дозасын ауырсыну синдромының ауырлығына және пациенттің жүргізілетін емге жауабына қарай түзетуге болады. Кеторолак трометамолын қолдану ұзақтығы күнделікті б/і және в/і бірнеше рет енгізгенде екі тәуліктен аспауы тиіс, өйткені ұзағырақ қолданғанда жағымсыз реакциялар саны және олардың ауырлығы артуы мүмкін. Дәрілік затты ұзағырақ уақыт бойы қолданудың тәжірибесі шектеулі, өйткені пациенттердің көпшілігі пероральді препараттарды қабылдауға көшеді немесе бұдан былай ауыруды басатын емді қажет етпейді. Жағымсыз реакциялардың туындау қаупін барынша азайту мақсатында, Медролгинді ауырсыну синдромын бақылауда ұстау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозада қолдану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.