+54 бонус

МЕДРОЛГИН 10 мг №10 табл

1090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кеторолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – кеторолак трометамині 10 мг, қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты. қабықтың құрамы: Опадри® Y-1-7000 ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол).
Қолданылуы
Медролгинді пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде препаратты қолданумен байланысты ықтимал пайда мен қауіптің арақатынасын, сондай-ақ басқа емдік тактиканы қолдану мүмкіндігін мұқият бағалау керек. Дәрілік затты емдік стратегияға сәйкес қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозада қолданған жөн. Ересек пациенттердегі жедел ауыру синдромы Медролгин (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар) орташа айқын жедел ауыру синдромын, әдетте, апиынды анальгетиктермен салыстыруға келетін операциядан кейінгі кезеңде ауыруды басатын әсерге қол жеткізу қажет болған жағдайда қысқа мерзімді (5 күннен аспайтын) емдеу үшін қолданылады. Емді кеторолак трометаминін вена ішіне (в/і) немесе бұлшықет ішіне (б/і) енгізуден бастау керек, әрі қарай, қажет болған жағдайда кеторолак трометаминін таблетка түрінде тек демеуші ем ретінде пайдалану керек. Кеторолак трометаминімен емдеудің жалпы ұзақтығы (в/і немесе б/і енгізу және таблеткаларды ішке қабылдау) препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығы жоғарылау қаупіне байланысты 5 күннен аспауы тиіс. Пациенттерді мүмкіндігінше тезірек баламалы анальгетик дәрілермен емдеуге ауыстыру керек; кеторолак трометаминімен емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы керек.
Қарсы көрсетілімдер
- кеторолак трометаминіне немесе 6.1-бөлімде аталған препарат қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел пептидтік ойық жара, таяуда болған асқазан-ішек қан кетуі немесе тесілуі, анамнездегі ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету жағдайлары; - бронх демікпесі, есекжем немесе анамнездегі ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (ҚҚСД) аллергиялық реакциялардың басқа типтері сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары (ҚҚСД пайдалану кезіндегі ауыр, кейде өліммен реакциялардың даму жағдайлары туралы хабарланған) - бүйрек функциясының ауыр бұзылулары немесе айналымдағы қан көлемінің төмендеуі (АҚК) аясында бүйрек жеткіліксіздігінің туындау қаупімен байланысты жай-күйлер; - жүктілік және босану кезеңі (простагландиндер синтезінің тежелісі шарананың қан айналымына теріс ықпалын тигізуі мүмкін, осы орайда жатырдың жиырылуы төмендеуі де мүмкін, соның нәтижесінде жатырдан қан кетудің даму қаупі артады); - цереброваскулярлық қан кету (расталған немесе болжамды), геморрагиялық диатез, қан ұюының бұзылулары және қан кетудің туындау қаупі жоғары болатын жай-күйлер (кеторолак трометамині тромбоциттер функциясын бұзады); - АСҚ немесе басқа ҚҚСД емі (ҚҚСД себеп болатын ауыр жағымсыз реакциялардың жинақталған туындау қаупі); - пробенецидті бір мезгілде қолдану; - пентоксифиллинді бір мезгілде қолдану. Медролгинді ауыру синдромы профилактикасы мақсатында ауыр хирургиялық араласудан бұрын пайдалануға болмайды. Медролгинді коронарлық шунттау себебімен хирургиялық араласулар жасалғанда пайдалануға болмайды.
Дозасы
Медролгинді пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде препаратты қолданумен байланысты ықтимал пайда мен қауіптің арақатынасын, сондай-ақ басқа емдік тактиканы қолдану мүмкіндігін мұқият бағалау керек. Дәрілік затты емдік стратегияға сәйкес қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозада қолданған жөн. Ересек пациенттерде кеторолак трометаминімен емдеудің жалпы ұзақтығы (в/і енгізу немесе таблеткаларды ішке қабылдау) 5 күннен аспауы тиіс. Кеторолак трометаминін таблетка түрінде қолдану тек кеторолак трометаминін в/і немесе б/і енгізгеннен кейін демеуші ем ретінде ғана көрсетілген. Кеторолак трометаминін таблетка түрінде (бір рет немесе бірнеше рет қолдану) в/і немесе б/і енгізуге (бір рет немесе бірнеше рет қолдану) өту: - 17-64 жас аралығындағы пациенттер - бір рет ішке 20 мг және одан әрі, қажет болған жағдайда әр 4 сағат сайын 10 мг; кеторолак трометаминінің тәуліктік дозасы 40 мг аспауы тиіс; - 65 жас және одан асқан пациенттер, бүйрек функциясының бұзылуы және/немесе дене салмағы 50 кг (110 фунт) кем пациенттер - бір рет ішке 10 мг және одан әрі, қажет болған жағдайда әр 4 сағат сайын 10 мг; кеторолак трометаминінің тәуліктік дозасы 40 мг аспауы тиіс. Ескертпе Бастапқы ем ретінде кеторолак трометаминінің пероральді түрлерін пайдалануға болмайды. Препаратты әр пациентте жеке белгіленетін ең аз тиімді дозаларда пайдалану керек. Препаратты 4-6 сағаттан аз аралықпен қолдануға болмайды. Ересек пациенттерде кеторолак трометаминімен емдеудің жалпы ұзақтығы (в/і енгізу немесе таблеткаларды ішке қабылдау) 5 күннен аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Медролгинді 17 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Дәрілік препаратты тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.