+65 бонус

МЕДЕКСОЛ 0,1% 5 мл гл кап

1300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: WORLD MEDICINE ILAC SAN. VE TIC. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат – 1 мг дексаметазон натрий фосфаты (дексаметазон фосфатына баламалы), қосымша заттар: креатинин, натрий цитраты, натрий бораты, полисорбат 80, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, 5М хлорсутек қышқылы, натрий метабисульфиті, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- конъюнктивиттің, кератиттің, кератоконъюнктивиттің және блефариттің іріңсіз түрлері, жедел және созылмалы қабыну үдерістерінде; склерит және эписклеритте; ирит, иридоциклит және әртүрлі генездегі басқа да увеиттерде; қабақтың жұқпалы емес дерматозында; симпатикалық офтальмияда - мөлдір қабықтың толығымен эпитализациясынан кейін әртүрлі (химиялық, физикалық немесе иммундық) этиологиядағы мөлдір қабықтың беткейлік жарақатында - көздің аллергиялық ауруларында: аллергиялық конъюнктивит немесе кератоконъюнктивитте - операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі кезеңде қабыну жағдайының алдын алу және емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық - herpes simplex туындатқан кератит, желшешек және басқа да вирусты аурулар - көздің микобактериялық жұқпалары - көздің зеңдік аурулары - мөлдір қабық эпителийінің зақымдануымен көздің жедел іріңді аурулары - мөлдір қабық эпителиопатиясы - жоғары көзішілік қысым - трахома - 12 жасқа дейінгі балалар - көз туберкулезі
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға жедел қабыну үдерістері кезінде Медексолды конъюнктива қабына 1-2 тамшыдан 2 күн бойы тәулігіне 4-5 рет тамызады, содан кейін 4-6 күн бойы тәулігіне 3-4 рет қолданады. Егер 3-4 күн ішінде қалаулы әсері көріне бастамаса, қосымша жүйелі емдеуді қолдануға болады. Созылмалы үдерістер кезінде препаратты 4 апта бойы тәулігіне 2 рет тамызады. Препаратты қолданудың ең жоғары ұзақтығы – 2-3 апта. Операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі кезеңдерде қабыну үдерісі қарқындылығының дәрежесіне қарай Медексолды 1-2 тамшыдан 2-4 апта бойы тәулігіне 2-4 рет тамызады. Аллергиялық және қабыну үдерістерін емдеу кезінде 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 7-10 күн бойы тәулігіне 2-3 рет 1 тамшыдан тамызады. Қажет болған жағдайда (мөлдір қабық эпителийінің бүтіндігін тексеру үшін) флюоресцеинді сынаманы жүргізгеннен кейін 10-күні емді жалғастырады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.