+164 бонус

МЕДАОКС 100 мг №10 дисп. таб

3295 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Доксициклин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 104.00 мг доксициклин моногидраты (100.00 мг доксициклинге баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза 102 типі, гидроксипропилцеллюлоза, гипромеллоза, магний стеараты, натрий сахарині, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Медаокс препараты ересектер мен балалардағы инфекциялық ауруларды емдеу үшін көрсетілген: келесі атипиялық патогенді микроорганизмдер туындатқан, жеңіл дәрежедегі ауруханадан тыс пневмония: Chlamydophila (Chlamydia) pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae және Chlamydophila (Chlamydia) psittaci; созылмалы бронхиттің өршуі; урогенитальді инфекциялар (жыныстық жолмен берілетін аурулар): Chlamydia trachomatis туындататын инфекциялар, оның ішінде асқынбаған уретральді және эндоцервикальді инфекциялар және тік ішек инфекциялары; Ureaplasma urealyticum туындататын гонококкты емес уретрит; доксициклин сонымен қатар жұмсақ шанкрды, шап гранулемасын емдеу үшін көрсетілген және соз бен мерезді емдеуге арналған балама препараттардың бірі болып табылады; тері инфекциялары: антибиотикотерапия қолдану қажет болған жағдайдағы кәдімгі безеулер; Entamoeba spp. (қосымша дәрі ретінде) және Vibrio cholerae (тырысқақ) туындатқан асқазан-ішек жолының инфекциялары; Лайм ауруы; Chlamydia trachomatis (трахома) туындатқан инфекциялық көз аурулары (конъюнктивит); Coxiella burnetii туындатқан Ку-қызбасы; риккетсиоздар; басқа инфекциялар: бөртпе немесе қайтымды сүзек (Borrelia recurrentis), оба (Yersinia pestis), туляремия (Francisella tularensis), бруцеллез (Brucella spp.), сібір ойықжарасы (Bacillus anthracis), орнитоз (Chlamydia psittaci); лептоспироз; пастереллез (геморрагиялық септицемия); хлорохинге резистентті Plasmodium falciparum туындатқан безгек; безгек профилактикасы. Тетрациклиндерді Salmonella spp. туындататын инфекциялық аурулар кезінде қолдануға болмайды. Препаратты қолданған кезде бактерияға қарсы препараттарды тиісті түрде қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; басқа тетрациклиндерге жоғары сезімталдық; жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері; тіс түсінің өзгеру қаупіне байланысты 8 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Доксициклиннің әдеттегі дозасы мен жиілігі басқа тетрациклиндердің көбінің дозасы мен жиілігінен ерекшеленеді. Ұсынылған дозадан асып кету жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына әкеп соғуы мүмкін. Ересектер мен 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Ересектер мен 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалардағы жедел инфекцияларды емдеу үшін доксициклиннің әдеттегі дозасы емдеудің алғашқы тәулігінде 1 немесе 2 қабылдауда 200 мг, одан әрі тәулігіне 100 мг құрайды. Ауыр инфекциялар жағдайында препаратты емдеудің барлық кезеңінде тәулігіне 200 мг дозада тағайындайды. 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалардағы жедел инфекцияларды емдеу үшін доксициклинді қолдану мұқият бағалануы керек. Басқа препараттар қолжетімсіз, тиімсіз болғанда немесе қарсы көрсетілім бар болғанда доксициклинді қолданады. Мұндай жағдайларда жедел инфекцияларды емдеу үшін келесі дозалар қолданылады: дене салмағы 45 кг және одан аз балалар: бастапқы доза емдеудің алғашқы тәулігінде 1 немесе 2 қабылдауда 4,4 мг/кг, келесі күндері - 1 немесе 2 қабылдауда тәулігіне 2,2 мг/кг құрайды. Ауыр инфекция жағдайында препаратты емдеу курсы бойына тәулігіне 4,4 мг/кг дозада тағайындайды; дене салмағы 45 кг-нан асатын балалар: ересектерге арналған әдеттегі дозаны тағайындайды. Егер 100 мг-нан аз доза қажет болса, құрамында доксициклин бар басқа қол жетімді дәрілік затты пайдаланған жөн. Туғаннан 8 жасқа дейінгі балалар Доксициклинді тіс түсінің өзгеру қаупіне байланысты 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу әдетте 5-тен 10 күнге дейін созылады. Препаратты қызба симптомдары жойылғаннан кейін тағы да кем дегенде 24-48 сағат ішінде қабылдау керек. Бета-гемолитикалық стрептококк инфекцияларында жедел артрит немесе гломерулонефриттің алдын алу үшін емдеу кем дегенде 10 күнге созылуы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.