+153 бонус

МАЖЕЗИК-САНОВЕЛЬ 100 мг №15 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
3070 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флурбипрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Сановель Фармако-индустр. торговая комп.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 100 мг флурбипрофен қосымша заттар: лактоза құрғақ спрейі, микрокристалды целлюлоза (РН 102), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза L, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты Опадри II көгілдір OY-L-20906 қабығының құрамы: лактоза моногидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза 15 сР, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 4000, FD&C көгілдір №2/индигокармин Е132
Қолданылуы
- ревматоидты артритті, остеоартрозды, шорбуынданатын спондилоартритті, тірек-қимыл аппаратының ауруларын және периартрит, бурсит, тендинит, тендосиновит, белдің ауыруы, соғылу мен созылу сияқты жарақаттарды емдеуге арналған - тіс ауыруы, операциядан кейінгі ауырсыну, дисменорея және бас сақинасы сияқты жағдайларда жеңіл және орташа ауыруды жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - аспирин немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаудан кейін демікпе, есекжем ұстамалары, ринит, ангионеврозды ісіну немесе басқа да аллергиялық реакциялар байқалған пациенттерге - анамнезде ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетуі немесе тесілуі бар пациенттерге - ойық жаралы колит, Крон ауруы, қайталанатын пептидтік ойық жара (өршу сатысында немесе анамнезде) - қайталанатын пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету (дәлелденген ойық жара немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жағдайлары) - ауыр жүрек жеткіліксіздігі, бауыр жеткіліксіздігі және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге - эритроциттердің төмен деңгейі (анемия) - өмірге қауіпті инсульт, гипертензия - жүктіліктің соңғы триместрі ішінде - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - туа біткен галактоза, Lapp лактаза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясының синдромы
Дозасы
Симптомдардың жеделдігіне байланысты ересектер үшін ұсынылатын дозалар тәулігіне 2-4 қабылдауда 150-200 мг. Ауыр симптомдары бар пациенттерде, жақында өткерген аурудан кейін, өршу кезінде жалпы тәуліктік доза бірнеше қабылдауларда 300 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Дисменорея Бастапқыда 100 мг, кейінгі қабылдау әр 4 немесе 6 сағат сайын 50 немесе 100 мг. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 300 мг аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда жағымсыз реакциялар ауыр салдарының даму қаупі жоғары. Флурбипрофенді әдетте егде жастағы адамдарға жағымдылығы жақсы, кейбір пациенттер, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер, ҚҚСП әдеттегіден баяу шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайларда флурбипрофенді сақтықпен қолдану керек, ал дозаны жекелей анықтау керек. Егер ҚҚСП қажет деп саналса, ең төмен тиімді дозаны және барынша қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдалану керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдаған жөн. Қажетті ең қысқа уақыт ішінде ең төмен тиімді дозаны пайдалана отырып жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға болады. Егер сізде инфекция болса, егер (қызба және ауырсыну сияқты) симптомдар сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.