+220 бонус

Мардозия гл кап 5 мл фл

4410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: ФАМАР А.В.Е. Антуса
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: 20 мг дорзоламид (22.26 мг дорзоламид гидрохлориді түрінде) және 5 мг тимолол (6.83 мг тимолол малеаты түрінде), қосымша заттар: маннитол (E421), гидроксиэтилцеллюлоза, натрий цитраты, натрий гидроксиді, бензалконий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- жергілікті бета-адреноблокатор препараттарымен монотерапияның тиімділігі жеткіліксіз болған, ашық бұрышты глаукомасы немесе жалған эксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде көзішілік жоғары қысымды емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
белсенді заттарға немесе препараттың «Қосымша мәліметтер Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесі жағдайларын қоса, тыныс алу жолдарының реактивтік аурулары, сондай-ақ өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруы синустық брадикардия, синустық түйін дисфункциясының синдромы, синоатриальді блокада, кардиостимулятормен бақылауға келмейтін II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз 8 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Зақымданған көз(дер)ге таңертең және кешке 1 тамшыдан тамызу ұсынылады. Егер бұл препарат көзге тамызатын басқа дәрілермен бірге қолданылатын болса, оларды 10 минуттық аралықпен тамызу керек. Дәрігердің алдын ала кеңесінсіз препараттың дозасын өзгертпеңіз. Дұрыс дозаның тамызылуын қамтамасыз ету үшін тамызғыш ұшының тесігін үлкейтуге болмайды. Тамызғыштың ұшын көзге немесе айналасын қоршаған теріге тигізіп алуға жол бермеңіз. Ол көздің инфекцияларын туындататын бактериялармен контаминациялануы (ластануы) мүмкін, ол көздің күрделі зақымдануына, тіпті көздің көрмей қалуына әкеледі. Контейнердің ықтимал контаминациясын болдырмау үшін тамызғыштың ұшын кез келген жерге тиіп кетуіне әрдайым жол бермеңіз. Препараттың контаминацияланғанына немесе көз инфекциясының дамығанына күдіктенген жағдайда, осы құтыны әрі қарай пайдалану туралы мәселеге қатысты, дәрігерге дереу қаралған жөн. Енгізу әдісі және жолы Препаратты тамызар алдында қолды жуу ұсынылады. Көзге тамызатын дәріні айна алдында тамызу жеңілірек. Препаратты қолдануды бастар алдында құтының мойнындағы алғаш ашылуы бақыланатын жердің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Құтының қалпақшасын алып қойыңыз. Басты артқа шалқайтыңыз және қабақ пен көз арасында кішкентай саңылау пайда болуы үшін төменгі қабақты төмен қарай ақырын тартыңыз. Құтының түбін жоғары қарата төңкеріп ұстаңыз және оны, дәрігер тағайындағандай, бір тамшы көзге түскенге дейін қысыңыз. Тамызғыштың ұшын көзге немесе қабаққа тигізіп алмаңыз. Тамшыны тамызғаннан кейін көздің мұрын жағындағы бұрышын қысыңыз немесе көзді 2 минутқа жұмыңыз. Бұл препараттың организмге енуін тоқтатуға жәрдемдеседі. Мұрын-көзжасы өзегін қысу немесе қабақты 2 минут жаба тұру препараттың жүйелік сіңуін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелік жағымсыз реакциялардың азаюына және препараттың жергілікті әсерін күшейтуге әкелуі мүмкін. Егер дәрігер тағайындаса, басқа көзге де 3-5 тармағын қайталаңыз. Құтыны қолданғаннан кейін қалпақшасымен нығыздап жауып қойыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.