+65 бонус

МАПРОФЕН 100 мг №10 таб

1310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флурбипрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 100 мг флурбипрофен, қосымша заттар: лудипресс (LCE), микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты; үлбірлі қабықтың құрамы *Opadry II Blue 85F20578: макрогол/ полиэтиленгликоль 3350, титанның қостотығы (Е 171), FD&C көк 2/Алюминий пигменті, темірдің (III) сары тотығы (Е172), тальк, поливинилді спирт. *Құрамында лактоза моногидраты мен повидон К30 бар
Қолданылуы
- ревматоидты артритті, остеоартрозды, шорбуынданатын спондилоартритті, тірек-қимыл аппаратының ауруларын және периартрит, адгезивті капсулит, бурсит, тендинит, тендосиновит, белдің ауыруы, соғылу мен созылу сияқты жарақаттарды емдеуге арналған - тіс ауыруы, операциядан кейінгі ауырсыну, дисменорея және бас сақинасы сияқты жағдайларда жеңіл және орташа ауыруды жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
- флурбипрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне (демікпе, есекжем немесе аллергиялық реакциялар) жоғары сезімталдық - флурбипрофен, аспирин немесе басқа ҚҚСП қабылдауға жауап ретінде анамнездегі аса жоғары сезімталдық реакциялары (бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну, есекжем) бар пациенттер - ҚҚСП бұрын қолданумен байланысты асқазан-ішектен қан кету және анамнездегі тесілу - ойық жаралы колит (өршу сатысында немесе анамнезінде), Крон ауруы, қайталанатын пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету (дәлелденген ойық жараланудың немесе қан кетулердің екі немесе одан да көп жағдайлары) - жүректің ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, бауыр жеткіліксіздігі - 12 жасқа дейінгі балалар - жүктіліктің үшінші триместрі - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) – лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Ересектер Ересектер үшін ұсынылатын дозалар симптомдардың жітілігіне байланысты тәулігіне 2-4 қабылдауға 150-200 мг. Ауыр симптомдары бар пациенттерде, жақында өткерген аурудан кейін, асқыну кезінде жалпы тәуліктік доза бірнеше қабылдауларда 300 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Дисменорея жағдайында симптомдар пайда болған кезде ұсынылатын доза - 100 мг, содан кейін әрбір 4-6 сағат сайын 50 немесе 100 мг. Ең жоғары жалпы доза 300 мг аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Флурбипрофен таблеткаларын 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда жағымсыз реакциялар ауыр салдарының даму қаупі жоғары. Флурбипрофенді әдетте егде жастағы адамдарға жағымдылығы жақсы, кейбір пациенттер, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер, ҚҚСП әдеттегіден баяу шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайларда флурбипрофенді сақтықпен қолдану керек, ал дозаны жекелей анықтау керек. Егер ҚҚСП қажет деп саналса, ең төмен тиімді дозаны және барынша қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдалану керек. ҚҚСП емдеу кезінде асқазан-ішектен қан кетудің дамуын жоққа шығару үшін үнемі мониторингілеу қажет. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қолдануға арналған. Тамақтану кезінде немесе кейін қабылдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.