+55 бонус

МАННИТОЛ 15% раствор для инфузий 200 мл

1100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Маннитол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат - маннитол 150.0 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су. Сыртқы пішінінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз ерітінді
Қолданылуы
Вена ішіне енгізуге арналған Маннитол 15% ерітіндісі диуретиктік дәрі ретінде келесі жағдайларда қолданылады: қайтымсыз бүйрек жеткіліксіздігінің нақты диагнозын белгілегенге дейін олигуриялық сатыдағы жедел бүйрек жеткіліксіздігінің профилактикасында және/немесе емдеу кезіндегі қарқынды диурезде. зақымданбаған гематоэнцефалдық бөгет кезінде бассүйекішілік қысымды және ми ісінуін төмендету үшін. басқа дәрілік заттармен төмендете алмайтын жоғарылаған көзішілік қысымды төмендету үшін. улану кезінде уытты заттарды бүйрек арқылы қарқынды шығару үшін.
Қарсы көрсетілімдер
әсер ететін затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ануриямен, сүзілу үдерісінің бұзылуы бар бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі геморрагиялық инсультте, субарахноидальді қан құйылуда (бас сүйегі трепанациясы кезіндегі қан кетулерден басқа) жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік кезіндегі өкпе ісінуі декомпенсацияланған жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі ауыр дәрежедегі дегидратация гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия жарақаттан кейінгі бассүйекішілік қысымның қан құйылу қаупі бар жоғарылауы белсенді бассүйекішілік қан кету (бассүйек трепанациясын орындау кезіндегі қан кетуден басқа) гематоэнцефалдық бөгеттің бұзылуы
Дозасы
Маннитолды вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып баяу енгізеді. 15 % маннитол ерітіндісінің емдік дозасы дене салмағының әр кг шаққанда 1,0-1,5 г құрайды. Маннитолдың тәуліктік дозасы 140-180 г-ден аспау керек. Ересектерге тәулігіне 50-100 г маннитолды (330-дан 660 мл дейін) диурез деңгейі 30-50 мл/сағ кем болмайтын жылдамдықпен енгізеді. Улану кезінде ересектерге инфузия жылдамдығы 5 минут бойы 50-200 г енгізеді. 5 минуттан соң несеп ағыны ең жоғарғы 200 г/24 сағ дозада кемінде сағатына 30-50 мл ұстап тұратындай етіп инфузия жылдамдығын қайта түзетеді. Олигуриясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде пайдалану Айқын олигуриясы немесе бүйрек функциясының бұзылуына күдік тудырған пациенттерге маннитолдың сынама дозасын (дене салмағының 200 мг/кг немесе 1.3 мл/кг) вена ішіне тамшылатып 3-5 минут бойы алдын ала енгізу керек. Мысалы, салмағы 70 кг ересек адамға шамамен 100 мл 15% маннитол ерітіндісі енгізіледі. Егер 2-3 сағат ішінде несеп 30-50 мл/сағ төмен емес жылдамдықпен шығарылатын болса, сынама дозаға жауап адекватты деп есептеледі. Егер мұндай адекватты жауапқа қол жетпесе пациентке қосымша сынама дозаны енгізуге болады. Егер маннитолды қайта енгізгенде керекті жауап алынбаса препаратпен емді тоқтатады және пациентке бүйрек жеткіліксіздігі бар/жоқтығына қатысты қайта тексеріс жүргізеді. Бассүйекішілік қысымды, ми ісінуін және көзішілік қысымды төмендету Стандартты доза вена ішіне тамшылатып 30-60 минут бойы дене салмағының әр кг 1.5-2 г (10-13 мл/кг) құрайды. Егер инфузияны операция алдында енгізсе, онда ең жоғарғы әсерді алу үшін дозаны хирургиялық араласым басталғанға дейін 1-1.5 сағат бұрын енгізу керек. Улану кезінде уытты заттарды бүйрек арқылы қарқынды шығару Қарқынды диурез кезінде маннитол дозасы несеп шығару жылдамдығы 100 мл/сағ төмен емес деңгейде ұстап тұратындай етіп түзетіледі. Емнің мақсаты – оң су теңгерімінің 1-2 литрге жетуі. Пациенттерге бастапқы жүктемелік дозаны шамамен 25 мг (165 мл) енгізуге болады. Пациенттердің ерекше топтары

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.