+94 бонус

МАННИТ 15% 400 мл р-р Маннитол

9:00-ден кейін қолжетімді
1890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Маннитол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Биохимик ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 л ерітіндінің құрамында белсенді зат - маннит (маннитол) – 150.00 г қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Маннит 15% инфузияға арналған ерітіндісі келесі жағдайларда осмостық диуретик ретінде пайдалану үшін көрсетілген: -бүйрек жеткіліксіздігінің қайтымсыз олигуриялық өзгерістерінің туындауына дейінгі бүйректің жедел жеткіліксіздігінің олигуриялық фазасының профилактикасы және/немесе емдеу мақсатында диурезді стимуляциялау үшін - гематоэнцефалдық бөгет зақымданбаған жағдайда бассүйекішілік қысым мен ми ісінуін төмендету үшін - басқа дәрілердің көмегімен төмендету мүмкін болмағанда, жоғары көзішілік қысымды төмендету үшін - улану кезінде, ренальді экскреция арқылы, уытты заттардың организмнен элиминациясын стимуляциялау үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың құрамына кіретін компоненттерге аса жоғары сезімталдық - бүйректің ауыр зақымдануы кезіндегі өзекшелердің жедел некрозы негізіндегі анурия - ауырлық дәрежесі ауыр дегидратация - сол жақ қарынша жеткіліксіздігі (әсіресе, өкпенің ісінуімен қатар жүретін) - жүректің созылмалы жеткіліксіздігі - геморрагиялық инсульт, субарахноидальді қан құйылу (бассүйек трепанациясы кезіндегі қан кетулерден басқа) - сол жақ қарынша жеткіліксіздігі аясындағы өкпе ісінуі - гипонатриемия, гипохлоремия, гипокалиемия. - гематоэнцефалдық бөгеттің бұзылуы Сақтықпен - жүктілік - лактация кезеңі - жас егделігі
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Дозасы: Манниттің белгілі бір концентрациясын, дозасы мен енгізу жылдамдығын таңдау пациенттің жас шамасына, дене салмағына, клиникалық жағдайына және қатарлас емге байланысты. Ересектер мен жасөспірімдер: Бүйректің жедел жеткіліксіздігі Ересектерге арналған ең жоғарғы тәуліктік дозасы 24 сағат ішінде дозасын 50 г маннитке (330 мл) бір немесе келесі бағытқа өзгертумен 50-ден 200 г дейінгі маннитті (330-дан 1320 мл дейін) құрайды. Көп жағдайларда, талапқа сай жауап тәулігіне 50-ден 100 г маннитке дейінгі (330-дан 660 мл дейін) дозасында қол жеткізіледі. Енгізу жылдамдығы әдетте, кемінде, сағатына 30-50 мл несеп ағынын демеп тұру үшін реттеледі. Тек аса шұғыл жағдайларда, препаратты енгізудің ең жоғарғы жылдамдығы өте жоғары болуы және 5 минут ішінде 200 мг / кг жетуі мүмкін (тест-дозаларды да қараңыз). 5 минуттан соң инфузияның жылдамдығын, препараттың ең жоғарғы тәуліктік 200 г дозасында несеп ағынын сағатына 30-50 мл шегінде ұстап тұратындай етіп реттеу керек. Олигурия немесе бүйрек функциясының бұзылуы Айқын олигуриясы немесе болжамды бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда алдымен кг дене салмағына (дене салмағы) шамамен 200 мг манниттен келетін сынама дозасын (1,3 мл / кг) 3-тен 5 минутқа дейінгі аралықта енгізу керек. Мысалы, дене салмағы 70 кг ересек пациент үшін дозасы 15%-дық ерітіндінің шамамен 100 мл құрайды. Егер организмнен сағатына 30-50 мл несеп шығарылса, тест-дозаға реакция талапқа сай деп есептеледі. Егер талапқа сай нәтижеге қол жеткізілмесе, сынама дозасын екінші рет енгізуге болады. Екінші тест дозасын енгізген кезде клиникалық жауап болмаса, маннитолды қолдануды тоқтату керек, ал пациенттің жағдайын анықталған бүйрек жеткіліксіздігі фактісіне қатысты қайта бағалау керек. Бассүйекішілік қысымды, церебральді көлем мен көзішілік қысымды төмендету Әдеттегі дозасы дене салмағына 1,5-тен 2 г / кг дейін құрайды (дене салмағына 10-нан 13 мл / кг дейін), инфузиясы 30-дан 60 минутқа дейін. Операция алдында пайдаланған кезде, ең жоғарғы әсерін алу үшін, дозасын операциялық араласуға дейін 1-ден 1,5 сағатқа дейінгі уақыт бұрын енгізу керек. Уыттану кезінде зиянды заттардың ренальді экскрециясын стимуляциялау Қарқынды диурез кезінде маннитолдың дозасы, несептің бөлініп шығу жылдамдығын қамтамасыз ететіндей, сағатына 100 мл кем болмауы тиіс. 1-2 л-дегі сұйықтықтың оң теңгерімі аталған емшараның мақсатына жеткенін көрсетеді. Препараттың бастапқы жүктемелік дозасы, шамамен, 25 г (165 мл) құрауы мүмкін. Балалар Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сынама дозасы кг дене салмағына 3-5 минут ішінде 200 мг маннитті (дене салмағына 1,3 мл / кг) құрауы тиіс. Балаларды емдеуге арналған дозасы дене салмағына 0,5-тен 1,5 г / кг дейінді құрайды (дене салмағына 3 мл-ден 10 мл / кг дейін). Қажет болған жағдайда, аталған дозасын 4 сағаттан 8 сағатқа дейінгі аралықпен бір немесе екі рет қайталап енгізуге болады. Бассүйекішілік және көзішілік қысым жоғарылаған кезде дозасын ересектерге арналғандай, 30-дан 60 минутқа дейінгі аралықта енгізуге болады. Егде жастағы пациенттер Дозалануы пациенттің салмағына, клиникалық және биологиялық жағдайына және қатарлас емге тәуелді. Жалпы дозасы да ересектерге арналғандай, дозасын бір немесе екінші бағытта маннитті 50 г (330 мл) өзгерте отырып, 24 сағат ішінде 50-ден 200 г дейінгі маннит (тәулігіне 330-дан 1320 мл дейін) қолданылады. Бүйрек жеткіліксіздігінің туындауы анықталуы мүмкін болғандықтан, препаратты қолданғанға дейін пациентті мұқият тексеруден өткізу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.