+74 бонус

МАКСИТРОЛ гл. капли 5 мл

1485 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон в комбинации с противоинфекционными препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Новартис Фарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препарат құрамында: белсенді зат: дексаметазон 1 мг неомицин сульфаты 3500 ХБ, полимиксин В сульфаты 6000 ХБ, қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, полисорбат 20, гипромеллоза, хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді (рН түзету үшін), тазартылған су.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен 8 жастан асқан балаларда қолдануға көрсетілген. Беткейлік бактериялық инфекциямен немесе кортикостероидтермен емдеуге болатын бактериялық инфекция қаупімен бірге жүретін көздің қабыну жағдайлары, мысалы мынадай: қабақ конъюнктивасының немесе көз алмасының қабыну жағдайлары мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы бөлігінің қабынуы көздің алдыңғы бөлігінің созылмалы увеиті мөлдір қабықтың химиялық заттармен, радиациямен, термиялық күйіктермен немесе бөгде денемен зақымдануы (қарсы көрсетілімдерін ескере отырып)
Қарсы көрсетілімдер
әсер ететін заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қарапайым эпителиальді герпестік кератит сиыр шешегі, желшешек және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа да вирустық инфекциялары (зостер герпесінің вирусы туындатқан кератиттен басқа) көз құрылымының зеңдік аурулары көздің микобактериялық инфекциялары препаратты қолдану мөлдір қабықтан бөтен денені асқынбаған алып тастаудан кейін және кез келген басқа инфекция немесе мөлдір қабықтың беткейлік эпителийіне тиетін зақымдануларда қарсы көрсетілген
Дозасы
Дозалану режимі Қолданар алдында жақсылап сілкіңіз. Конъюнктивалық қапқа 1-2 тамшыдан тамызу керек. Ауыр инфекциялық үдеріс дамыған жағдайда препаратты сағат сайын тамызады, қабыну құбылыстары азайған сайын препарат инстилляциясының жиілігі төмендейді. Жеңіл бұзылыста препаратты күніне 4-6 рет тамызады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда Макситрол® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Дозасы ересектердегімен бірдей. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Макситрол® препаратын пациенттердің осы тобында қолдану зерттелмеген. Алайда әсер етететін заттардың төмен жүйелі сіңірілуіне байланысты препаратты жергілікті қолданғаннан кейін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Енгізу әдісі және жолы Офтальмологияда қолдануға арналған. Егер алғашқы ашуды бақылауға арналған бекіткіш сақина қалпақшаны алып тастағаннан кейін әлсіреген болса, оны препаратты қолданар алдында алып тастау қажет. Препараттың ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш-дозатордың ұшын ешқандай беткейге (қабақтар, көз айналасындағы аймақ және басқалар) тигізбеңіз. Қолданғаннан кейін құтыны тығыз жауып ұстаңыз. Көз тамшыларын қолданғаннан кейін жүйелік резорбцияны төмендету үшін келесі шараларды қолданған пайдалы: - Қабағыңызды 2 минутқа жабыңыз. - Жас ағатын жолды саусақпен 2 минутқа жабыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.