МАКСИГРИППИН для детей №10 шипуч табл

1980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: ООО Бауш Хелс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 250,00 мг парацетамол, 3,00 мг хлорфенамин малеаты, 50,00 мг аскорбин қышқылы, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы, сорбитол, повидон, натрий сахаринаты, натрий карбонаты, макрогол, сусыз коллоидты кремний, «Қызыл жемістер» хош иістендіргіші, қызылша шырынының ұнтағы, магний стеараты.
Қолданылуы
Температураның жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауырумен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруымен, мұрынның бітелуімен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді және тұмауды симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа да компонентіне жоғары сезімталдық - құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау - соңғы 14 күн ішінде МАО тежегіштерін қабылдайтын немесе қабылдаған пациенттер - асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жаралы зақымданулары (өршу фазасында) - бүйрек және/немесе бауырдың айқын жеткіліксіздігі - алкоголизм - жабық бұрышты глаукома - гипероксалурия - 3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Балалар 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 рет 1/2 таблеткадан. 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан. 10-нан 15 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка. Препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағат болуы тиіс. Препаратты емдеуші дәрігердің кеңесінсіз 3 күннен артық қабылдауға болмайды. Қосымша ем емдеуші дәрігермен кеңескеннен кейін ғана мүмкін. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Таблетканы бір стақан (200 мл) жылы (50-600С) суда толық еріту және алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты тамақтану арасында қабылдаған дұрыс

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.