+115 бонус

МАКСИГРИППИН 500 мг мед-лимон №10 саше по 5 гр

2300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: ООО Бауш Хелс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакеттің ішінде белсенді заттар: парацетамол 500,00 мг, хлорфенамин малеаты 10,00 мг, аскорбин қышқылы 200,00 мг қосымша заттар: сахароза, лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сорбитол, лимон хош иістендіргіші, бал хош иістендіргіші, натрий цикламаты, аспартам, повидон, калий ацесульфамы, карамель бояғышы.
Қолданылуы
- температураның жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауырумен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруымен, мұрынның бітелуімен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді және тұмауды симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. - парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа да компонентіне жоғары сезімталдық - құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау - препаратты қабылдайтын немесе қабылдаған пациенттер және соңғы 14 күн ішіндегі МАО - асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жаралы зақымданулары (өршу фазасында) - қуық мойнының обструкциясы, қақпа мен он екі елі ішектің стенозы немесе асқазан-ішек жолдары мен несеп-жыныс жүйесінің басқа бөліктерінің стенозы - бүйрек және/немесе бауырдың айқын жеткіліксіздігі - алкоголизм - жабық бұрышты глаукома - қуықасты безінің гиперплазиясы - гипероксалурия - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы - фенилкетонурия - 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер мен 16 жастан асқан балаларға 1 пакеттен тәулігіне 2-3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза - 3 пакет. Препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағат болуы тиіс. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрауы тиіс. Емдеу ұзақтығы МаксиГриппин® қысқа мерзімді қолдануға арналған. Егер симптомдар 3 күндік емдеуден кейін жақсармаса, емдеу тактикасын қайта қарау керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Пакеттің ішіндегісін бір стақан (200 мл) жылы (50-600С) суда толық еріту және алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты тамақтану арасында қабылдаған дұрыс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.