+52 бонус

МАКСИФЛОКС 5 мг/мл глаз капли

1040 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Моксифлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 5.00 мг (5.45 мг) моксифлоксацин (моксифлоксацин гидрохлориді түрінде), қосымша заттар: бор қышқылы, натрий хлориді, 1 М хлорсутек қышқылы немесе 1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, тазартылған су.
Қолданылуы
Максифлокс моксифлоксацинге сезімтал микроорганизмдер тудыратын көздің алдыңғы бөлігіндегі бактериялық инфекцияларды жергілікті емдеу үшін қолданылады. Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- Әсер етуші затқа, басқа хинолондарға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Ересектерде, соның ішінде егде жастағы пациенттерде қолдану Зақымдалған көзге (зақымдалған көздерге) 1 тамшыдан 4 күн бойы күніне 3 рет. Қауіпсіздік пен тиімділік тұрғысынан жас және егде жастағы пациенттер арасында ешқандай айырмашылық болған жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Тек офтальмологиялық қолдану үшін. Инъекция үшін емес. Максифлокс препаратын субконъюнктивті немесе тікелей көздің алдыңғы камерасына енгізуге болмайды. Қолдану жөніндегі нұсқаулық: 1-сурет       2-сурет   3-сурет 1. Қолыңызды жуыңыз 2. Отырғанда немесе тұрғанда ыңғайлы позицияны қабылдаңыз. 3. Құтының қақпағын бұрап алыңыз, оны таза бетке қойыңыз. Қақпақты тастамаңыз. 4. Егер бірінші ашылудан қорғаныс сақинасы бос болса, оны бірінші қолданар алдында алып тастау керек. 5. 1-суретте көрсетілгендей "қалта" жасау үшін зақымдалған көздің төменгі қабағын саусағыңызбен ақырын тартыңыз. 6. Тамшылатқыш-құтының ұшы мен ерітіндіні ластамау үшін ұштың қабақтармен, іргелес тіндермен немесе басқа беттіктермен жанасуына жол бермеңіз. 7. Препаратпен құтыны ақырын қысыңыз және 2-суретте көрсетілгендей бір тамшысын тамызыңыз. 8. Төменгі қабақты босатыңыз және көзіңізді ақырын жабыңыз. 9. 3-суретте көрсетілгендей көздің ішкі бұрышының аймағын аздап басыңыз және 2-3 минут ұстаңыз (мұрынжас окклюзиясы). Бұл препараттың жүйелік қан ағымына енуін азайтуға және осылайша жүйелік жағымсыз реакциялардың пайда болу мүмкіндігін азайтуға көмектеседі. 10. Егер дәрігер ұсынса, екінші көзге арналған процедураны қайталаңыз. 11. Құтыны қолданғаннан кейін бірден жабыңыз. Егер препараттың бір тамшысы көзге түспесе, қайталап көріңіз. Емдеу ұзақтығы Препаратты емдеуші дәрігер тағайындағанша қолданыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.